Әуесқойлық балық аулау үшін рұқсатты қалай алуға болады
ЖүктеуӘуесқойлық (спорттық) балық аулау қайда өткізіледі
Әуесқойлық (спорттық) балық аулау бекітілген және бекітілмеген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жүзеге асырылады.
Резервтік қордағы бекітілмеген су айдындарында:
-
бір балық аулаушы бір рет барған кезде 5 килограмға дейін балық аулау тегін, рұқсатсыз жүзеге асырылады;
-
5 килограмнан артық балық аулау үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат алу қажет. Мұндай балық аулау ақылы негізде жүзеге асырылады.
Бекітілген балық шаруашылығы су айдындарында және учаскелерінде:
Әуесқойлық балық аулау тиісті су айдыны немесе учаскесі бекітілген жануарлар дүниесін пайдаланушы берген жолдама негізінде жүзеге асырылады.
Балық аулауды бастамас бұрын су айдынының мәртебесін, қолданыстағы шектеулерді, аулауға рұқсат етілген балық түрлерін және жолдама алу шарттарын нақтылау ұсынылады.
Су айдынының мәртебесіне қарамастан, белгіленген тыйымдарды, балық аулау мерзімдерін және аулау құралдарына қойылатын талаптарды сақтау қажет.
