Жасы кәмелетке толмаған балаларды қай кезде үлкендердің қарауынсыз қалдыруға болмайды
ЖүктеуКім кәмелетке толмаған баланың өкілі ретінде сөйлей алады
Баланың заңды өкілдері деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті құқықтар мен міндеттер берілген адамдар танылады.
Оларға мыналар жатады:
-
ата-аналар;
-
асырап алушылар;
-
қорғаншылар;
-
қамқоршылар;
-
заңнамаға сәйкес баланың заңды өкілі мәртебесі берілген өзге де адамдар.
Бала түнгі уақытта басқа ересек адамның еріп жүруімен бола ала ма?
Баланың кәмелетке толған досының, танысының немесе туысының еріп жүруі өздігінен ол адамның баланың заңды өкілі болып табылатынын білдірмейді.
Сондай-ақ сенімхаттың болуы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабында белгіленген шектеулерді сақтау мақсатында заңды өкіл мәртебесін алумен автоматты түрде теңестірілмеуі тиіс.
Егер ата-аналар немесе басқа да заңды өкілдер уақытша болмаған жағдайда, баланың түнгі уақытта тиісті адамның еріп жүруімен болуын алдын ала ұйымдастыру ұсынылады.
Маңызды: шектеулер кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қорғауға бағытталған. Ата-аналар мен басқа да заңды өкілдер балалардың бос уақытын және жүріп-тұруын ұйымдастыру кезінде белгіленген уақыт шектеулерін ескеруі қажет.
