Жасы кәмелетке толмаған балаларды қай кезде үлкендердің қарауынсыз қалдыруға болмайды

Жүктеу

Заңды өкілдер, мекеме иелері қандай жауапкершілікке тартылады

Ата-аналардың және басқа да заңды өкілдердің жауаптылығы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабына сәйкес мынадай жауаптылық көзделген:

Құқық бұзушылық

Жауаптылық

Кәмелетке толмаған адамның 22:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемесінде болуы

3 АЕК мөлшерінде айыппұл

Кәмелетке толмаған адамның 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы

Ескерту

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде аталған құқық бұзушылықтарды қайталап жасау

7 АЕК мөлшерінде айыппұл

Кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін жауаптылық

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабында кәмелетке толмағандардың 22:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін жауаптылық көзделген.

Құқық бұзушының санаты

Бірінші құқық бұзушылық

Қайталанған құқық бұзушылық*

Жеке тұлғалар

10 АЕК

20 АЕК

Шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар

15 АЕК

30 АЕК

Орта кәсіпкерлік субъектілері

30 АЕК

50 АЕК

Ірі кәсіпкерлік субъектілері

50 АЕК

100 АЕК

Қайталанған құқық бұзушылық — әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жасалған құқық бұзушылық. Құқық бұзушылық қайталанған жағдайда 132-бапта қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру да көзделген.

АЕК мөлшері тиісті қаржы жылына белгіленеді. Сондықтан айыппұлдардың теңгедегі ақшалай баламасын қолданыстағы АЕК мөлшеріне сәйкес есептеу қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:591
  1. Заңды өкілдер, мекеме иелері қандай жауапкершілікке тартылады