Жасы кәмелетке толмаған балаларды қай кезде үлкендердің қарауынсыз қалдыруға болмайды

Жүктеу

Қай уақытта балаға ойын- сауық мекемелері мен тұрғын үй жайынан тыс жерлерге баруға тыйым салынады

Ойын-сауық мекемелерінде

22:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуына тыйым салынады.

Заңнамаға сәйкес мұндай мекемелерге мыналар жатуы мүмкін:

  • түнгі клубтар;

  • кафе-барлар мен мейрамханалар;

  • интернет-кафелер мен компьютерлік клубтар;

  • бильярд және боулинг клубтары;

  • кинотеатрлар;

  • ойын-сауық және бос уақытты өткізу қызметтерін көрсететін басқа да объектілер.

Тұрғынжайдан тыс жерде

23:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуына тыйым салынады.

Бұл шектеу аулада, көшеде және тұрғынжайдан тыс басқа да орындарда болуға да қолданылады.

Дүкеннің немесе ауланың үйге жақын орналасуы өздігінен белгіленген шектеуден ерекшелік болып табылмайды.

Түнгі уақытта кәмелетке толмаған адам анықталған жағдайда полиция қызметкерлері оның тұрғынжайдан тыс жерде болу мән-жайларын анықтап, заңнамада көзделген шараларды қабылдайды.

Жаңарту күні: Көру саны:1039
  1. Қай уақытта балаға ойын- сауық мекемелері мен тұрғын үй жайынан тыс жерлерге баруға тыйым салынады