ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қалай түсу керек

Жүктеу

Егер сіз өзге де қаржыландыру көздері есебінен оқуға түссеңіз

Мемлекеттік білім беру тапсырысынан бөлек, Академия жеке және заңды тұлғалардың қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен оқуға қабылдауды жүзеге асырады.

Конкурстық іріктеуге Қабылдау қағидаларында көзделген үміткерлер санаттары, оның ішінде мыналар жіберілуі мүмкін:

  • мемлекеттік қызметшілер;

  • мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлері;

  • квазимемлекеттік сектор өкілдері;

  • мәслихат депутаттары — тиісті бағдарламалар бойынша;

  • белгіленген талаптарға сәйкес келетін өзге де үміткерлер.

Әрбір білім беру бағдарламасы бойынша білім деңгейіне, жалпы және функционалдық жұмыс өтіліне, басшылық қызметтегі тәжірибеге және тілдерді меңгеруге қатысты жеке талаптар белгіленуі мүмкін.

Ақылы негізде оқуға қабылдау да конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Өтініш бермес бұрын Академияның ресми сайтында таңдалған бағдарлама бойынша қаржыландыру шарттарымен, оқу құнымен және оқуға түсушілерге қойылатын талаптармен танысу қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:2539
  1. Егер сіз өзге де қаржыландыру көздері есебінен оқуға түссеңіз