ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қалай түсу керек

Жүктеу

Егер сіз мемлекеттік тапсырыс бойынша түсетін болсаңыз

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқу көзделген.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер таңдалған білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес келуі қажет.

Бағдарламаға байланысты мыналар ескеріледі:

  • мемлекеттік қызметші мәртебесі;

  • атқаратын лауазымының санаты;

  • мемлекеттік қызметтегі жалпы жұмыс өтілі;

  • басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі;

  • тиісті саладағы функционалдық жұмыс өтілі;

  • алдыңғы білім деңгейі;

  • мемлекеттік және шет тілдерін меңгеру деңгейі;

  • мемлекеттік органның жолдамасы және басқа да белгіленген талаптар.

Талаптар магистратура мен докторантура, сондай-ақ жекелеген даярлау бағыттары бойынша ерекшеленеді.

2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Оқуға мынадай орындар көзделген:

  • магистратура бағдарламалары бойынша — 200 орын;

  • докторантура бағдарламалары бойынша — 12 орын.

Орындар саны жыл сайын бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес айқындалады.

Құжаттарды тапсырмас бұрын таңдалған бағдарлама бойынша жұмыс өтіліне, лауазымға және білімге қойылатын талаптарды Академияның қолданыстағы Қабылдау қағидаларынан тексеру қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:4756
  1. Егер сіз мемлекеттік тапсырыс бойынша түсетін болсаңыз