ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қалай түсу керек

Жүктеу

Мемлекеттік басқару академиясында оқудың артықшылықтары

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқу кәсіби және басқарушылық құзыреттерді дамытуға бағытталған.

Білім беру бағдарламасына, оқу нысанына және қаржыландыру көзіне байланысты білім алушыларға мынадай мүмкіндіктер мен қолдау шаралары ұсынылуы мүмкін:

  • қазақстандық және шетелдік оқытушыларды, сарапшылар мен практик мамандарды тарта отырып оқыту;

  • академиялық және кәсіптік тағылымдамаларға қатысу мүмкіндігі;

  • Академияның кәсіби және зерттеу ресурстарына қол жеткізу;

  • оқуға жіберілген мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамада көзделген кепілдіктер;

  • стипендиялық қамтамасыз ету және өзге де қолдау шаралары — заңнамада және оқу шарттарында белгіленген жағдайларда.

Академияның жекелеген түлектері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасудың ерекшеліктері көзделген.

Жұмыс орнын сақтау, стипендия төлеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету және оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу шарттары білім алушының мәртебесіне және қолданылатын нормативтік талаптарға байланысты болады.

Жаңарту күні: Көру саны:6589
  1. Мемлекеттік басқару академиясында оқудың артықшылықтары