Жеке куәлікті алу

Жүктеу

Егер жеке куәлік ұрланса немесе жоғалса

Жеке куәлікті қалпына келтіру құны

Жоғалған немесе ұрланған адамның орнына жеке куәлік беру кезінде мемлекеттік баж 0,2 АЕК құрайды.

Егер жеке куәлік бір жыл ішінде екі реттен артық жоғалса, мемлекеттік баж 1 АЕК құрайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар үшін көзделген жеңілдіктер қолданылады.

Ресімдеу мерзімі – 15 жұмыс күні.

 

Жеке куәлік жоғалған немесе ұрланған жағдайда сіз «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ кез келген филиалына (ХҚКО-ға) төмендегі құжаттарды ұсына отырып, жүгіне аласыз:

Жоғалған жағдайда:

  1. Жеке куәлікті қайта дайындау туралы жазбаша өтініш, онда жоғалу мән-жайын көрсету қажет;
  2. Мемлекеттік баждың белгіленген мөлшерде төленгенін растайтын құжат (беру негізіне байланысты 0,2 АЕК не 1 АЕК) немесе егер тиісті мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынбаса, оны төлеуден босату құқығын растайтын құжат.
  3. Қазақстан Республикасы азаматаның паспорты (бар болса).

Ұрланған жағдайда:

  1. Жеке куәліктің ұрлануы туралы өтінішті қабылдаған қылмыстық қудалау органынан талон-хабарлама;
  2. Мемлекеттік баждың белгіленген мөлшерде төленгенін растайтын құжат (беру негізіне байланысты 0,2 АЕК не 1 АЕК) немесе егер тиісті мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынбаса, оны төлеуден босату құқығын растайтын құжат.
  3. Қазақстан Республикасы азаматаның паспорты (бар болса).

Уақытты үнемдеу үшін онлайн-режимде ХҚКО-да кезекті броньдауды ұсынамыз

Жаңарту күні: Көру саны:5636
  1. Егер жеке куәлік ұрланса немесе жоғалса