Жеке куәлікті алу

Жүктеу

Жеке куәлікті қалай алуға болады

Мемлекеттік бажды төлеу көзделген қалған жағдайларда оның мөлшері 0,2 АЕК құрайды.

Оның жоғалуына байланысты жеке куәлікті беру кезінде бір жыл ішінде екі реттен артық 1 АЕК ставкасы қолданылады.

Азаматтардың жекелеген санаттары Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

Ресімдеу мерзімі – 15 жұмыс күні.

 

16 жасқа толғанда Қазақстанның әрбір азамат жеке куәлік алуға міндетті.

Алдымен өзіңіздің телефон нөміріңізді Мобильді азаматтар базасында тіркеу қажет. Одан кейін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу керек.

Ол үшін "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ (ХҚКО) кез келген филиалына келесі құжаттармен жүгіну қажет:

  • Туу туралы куәлік;
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (бар болса);
  • Ата-анасының бірінің жеке куәлігі. Егер бала шетелде туса, ал ата – анасының бірі-шетелдік болса, онда балаға Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеуге оның нотариалды келісімі қосымша қажет;
  • Жеке куәлікті алғаш алған кезде 16 жасқа толғаннан кейін мемлекеттік баж алынбайды. Мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртекті ұсыну талап етілмейді.

Уақытты үнемдеу үшін онлайн-режимде ХҚКО-да кезекті броньдауды ұсынамыз

Жаңарту күні: Көру саны:46540
  1. Жеке куәлікті қалай алуға болады