ҚР паспортын алу

Жүктеу

Егер паспорт ұрланса немесе жоғалса

Паспорт ҚР Ішкі істер министрлігі "Азаматтарға арналған үкімет" (ХҚКО) КЕАҚ филиалдары арқылы беріледі.

Куәлікті ресімдеу үшін мемлекеттік баждың құны – 8 АЕК.

Ресімдеу мерзімі – 15 жұмыс күні. Өтініш берушінің өтініші бойынша паспортты ауыстыру қосымша ақыға жеделдетілген тәртіппен жүргізілуі мүмкін. Жеделдетілген ресімдеудің мерзімі мен құны өңірге және жеделдік санатына байланысты және қолданыстағы ережелер мен прейскурантпен айқындалады.

 

Құжаттарды жоғалту немесе ұрлануы жағдайлары да кездеседі.

Паспорт жоғалған немесе ұрланған жағдайда cіз «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ кез келген филиалына (ХҚКО-ға) төмендегі құжаттарды ұсына отырып, жүгіне аласыз:

  1. Құжаттарды қайта дайындау туралы жазбаша өтініш, онда жоғалу мән-жайын міндетті түрде көрсету қажет;
  2. АІІБ құжат ұрланғаны туралы анықтама (құжат ұрланған жағдайда);
  3. мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек (құны – 8 АЕК) не мемлекеттік баж төлеуден босатуды растайтын құжат;
  4. ҚР азаматаның жеке куәлігі (егер паспорт жоғалса)

Уақытты үнемдеу үшін онлайн-режимде ХҚКО-да кезекті броньдауды ұсынамыз.

Егер паспорт Қазақстаннан тыс жерде жоғалған болса, азаматтарға ҚР консулдық мекемесіне жүгіну қажет, онда олар ҚР-ға кіру үшін және тұрғылықты жері бойынша ҚР аумағында жүру үшін куәлік алады.

Елге келгеннен кейін дер уақытта паспортты қайта дайындау үшін уәкілетті органдарға жүгіну қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:2404
  1. Егер паспорт ұрланса немесе жоғалса