ҚР паспортын алу
ЖүктеуҰлттық дәстүр бойынша тегін, атын және әкесінің атын өзгертуге байланысты паспортты ауыстыру
|
Паспорт ҚР Ішкі істер министрлігі "Азаматтарға арналған үкімет" (ХҚКО) КЕАҚ филиалдары арқылы беріледі. Куәлікті ресімдеу үшін мемлекеттік баждың құны – 8 АЕК. Ресімдеу мерзімі – 15 жұмыс күні. Өтініш берушінің өтініші бойынша паспортты ауыстыру қосымша ақыға жеделдетілген тәртіппен жүргізілуі мүмкін. Жеделдетілген ресімдеудің мерзімі мен құны өңірге және жеделдік санатына байланысты және қолданыстағы ережелер мен прейскурантпен айқындалады. |
Ұлты қазақ тұлғалар мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде қалаған тегін, әкесінің атын көрсетумен ерікті түрдегі өтінішін «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалына (ХҚКО) беріп, тегінің және әкесі атының жазуын өзгерту ниеті туралы өтінім бере алады. Бұл ретте, тегіндегі және әкесінің атындағы түбір негіздерді сақтаумен тегіндегі қазақ тіліне тән емес «-ов, -ова», «-ев, ева», «-ин, -ина» сияқты аффикстер алынып тасталады, сонымен бірге, әкесінің атын жазғанда әкесінің атына жазылған қазақ тіліне тән емес аффикстердің орнына әкесінің атына бірге қосылып тұлғаның жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы» деген жалғаулар қосылады.
ХҚКО-да өзімен бірге мынадай құжаттар болуы қажет:
- Аты-жөнін өзгерту туралы куәлік (бар болса));
- Туу туралы куәлік;
- Жеке куәлік;
- Ауыстыруға жататын Паспорт;
- Мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек (құны – 8 АЕК) немесе мемлекеттік бажды төлеуден босатылғанын растайтын құжат.
Уақытты үнемдеу үшін онлайн-режимде ХҚКО-да кезекті броньдауды ұсынамыз.
