ҚР паспортын алу

Жүктеу

Неке қиылғаннан немесе бұзылғаннан кейін тегін ауыстыруға байланысты паспортты ауыстыру

Паспорт ҚР Ішкі істер министрлігі "Азаматтарға арналған үкімет" (ХҚКО) КЕАҚ филиалдары арқылы беріледі.

Куәлікті ресімдеу үшін мемлекеттік баждың құны – 8 АЕК.

Ресімдеу мерзімі – 15 жұмыс күні.

Өтініш берушінің өтініші бойынша паспортты ауыстыру қосымша ақыға жеделдетілген тәртіппен жүргізілуі мүмкін. Жеделдетілген ресімдеудің мерзімі мен құны өңірге және жеделдік санатына байланысты және қолданыстағы ережелер мен прейскурантпен айқындалады.

Неке қиылғаннан немесе бұзылғаннан кейін тегін ауыстыруға байланысты паспортты ауыстыру қажет болғанда да төмендегі құжаттармен «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ кез келген филиалына (ХҚКО-ға) жүгіну қажет:

  • ауыстыруға жататын паспорт;
  • некені қию немесе бұзу туралы куәлік;
  • мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек (құны – 8 АЕК) не мемлекеттік баж төлеуден босатуды растайтын құжат.

Уақытты үнемдеу үшін онлайн-режимде ХҚКО-да кезекті броньдауды ұсынамыз.

Жаңарту күні: Көру саны:2759
  1. Неке қиылғаннан немесе бұзылғаннан кейін тегін ауыстыруға байланысты паспортты ауыстыру