Шетелге демалысқа шығу

Жүктеу

Кіріспе

Шетелге сапарға шығар алдында Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттың жарамдылық мерзімін, баратын елге кіру және онда болу қағидаларын, сондай-ақ транзиттік мемлекеттердің талаптарын алдын ала тексеру ұсынылады.

Елге байланысты виза, сапар аяқталғаннан кейін паспорттың белгілі бір мерзімге жарамды болуы, медициналық сақтандыру, қаржылық қаражаттың бар екенін растау, кері қайту билеті және басқа да құжаттар талап етілуі мүмкін.

Балалармен саяхаттаған кезде кәмелетке толмағандардың құжаттарына қойылатын талаптарды және олардың шет мемлекетке кіру шарттарын бөлек тексеру қажет.

Сондай-ақ жолға шығар алдында Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеудің бар-жоғын тексеру, кедендік қағидалармен және дәрілік заттарды, ақша қаражаты мен багажды алып өту талаптарымен танысу ұсынылады.

Елге кірудің өзекті шарттарын баратын және транзиттік елдердің құзыретті органдарының ресми ақпараттық ресурстарынан, сондай-ақ олардың дипломатиялық өкілдіктерінен нақтылау қажет.

  1. Кіріспе