Шетелге демалысқа шығу

Жүктеу

Визаны алу

Сапарға шығар алдында баратын елдің Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгілеген визалық режимін тексеру қажет.

Егер елге кіру үшін виза талап етілсе, өтінішті тиісті мемлекеттің заңнамасында және консулдық қағидаларында көзделген мерзімдерде беру қажет.

Өтініш беру тәртібі, қажетті құжаттар тізбесі, қарау мерзімдері және электрондық визаны ресімдеу мүмкіндігі баратын елге және виза санатына байланысты.

Басқа мемлекеттер арқылы сапар шеккен жағдайда, әуежайда басқа рейске ауысып міну жағдайларын қоса алғанда, транзиттік визаның қажеттілігін қосымша тексеру керек.

Егер сапар визасыз тәртіппен жүзеге асырылса, елде болудың рұқсат етілген ұзақтығын, тіркеуге қойылатын талаптарды және елге кірудің басқа да шарттарын нақтылау қажет.

Визаның болуы елге кіруге автоматты түрде рұқсат берілетініне кепілдік бермейді: түпкілікті шешімді шет мемлекеттің құзыретті органдары оның заңнамасына сәйкес қабылдайды.

Жаңарту күні: Көру саны:4688
  1. Визаны алу