Шетелге демалысқа шығу
ЖүктеуШетелге баруға қалай дайындалуға болады?
Басқа елде уақыт өткізу сіз үшін өте ыңғайлы және қиындықсыз болуы үшін, шет мемлекетте болған кезде сізге оның заңдарының күші қолданылатынын және сіз оларды қатаң түрде сақтауға міндетті екендігіңізді есте сақтаңыз. Барған елдің заңдарын білмеу сізді жауапкершіліктен босатпайды.
Шетелде жүріп, әдеп пен моральдың жалпы қабылданған нормаларын ұстаныңыз, қоршаған ортаға сәйкес мінез-құлқыңызды түзетіңіз, жергілікті салт-дәстүрлерді сақтау маңызды, бұл әсіресе Азия мен Африка мемлекеттеріне қатысты. Сонымен қатар, елдегі саяси жағдай және оның климаттық жағдайлары туралы ақпаратпен танысқан жөн.
Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда (жергілікті құқық қорғау органдарының ұстауы, басқа адамдар тарапынан қауіп төну, жол-көлік оқиғалары және т. б.) сіз барған мемлекеттегі қазақстандық консулдық мекеменің қызметкерімен кездесуді талап етуге құқығыңыз бар. Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінің қызметкерлері болмаған кезде шет тіліндегі қандай да бір хаттамаларға және өзге де құжаттарға қол қоймаңыз.
Алдағы болатын елдегі Қазақстан Республикасының елшіліктерінің немесе консулдық мекемелерінің телефондарын жазып алыңыз (ҚР шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінің мекен-жайлары мен телефондары).
Медициналық сақтандыру және вакцинация
Шетелге сапарға шығар алдында болатын елде медициналық көмек көрсету шығындарын өтейтін медициналық сақтандыруды ресімдеу ұсынылады. Кейбір мемлекеттерге кіру үшін медициналық сақтандырудың болуы міндетті шарт болып табылады.
Вакцинация қажеттілігі баратын елге, сапар маршрутына, эпидемиологиялық жағдайға және жеке қауіп факторларына байланысты.
Кейбір мемлекеттерге кіру үшін, оның ішінде инфекцияның таралу қаупі бар елдерден келген кезде сары қызбаға қарсы вакцинация туралы халықаралық куәлік талап етілуі мүмкін.
Саяхат алдында баратын елдің қолданыстағы медициналық талаптарымен танысып, қажет болған жағдайда медицина маманынан кеңес алу ұсынылады.
Егер сіз дәрілік препараттарды қабылдайтын болсаңыз, оларды баратын және транзиттік елдерге әкелу қағидаларын алдын ала тексеріңіз. Кейбір препараттар үшін рецепт, медициналық анықтама немесе арнайы рұқсат талап етілуі мүмкін.
