Шетелге демалысқа шығу
ЖүктеуЖүк алып жүру
Шетелге сапарға шығар алдында Қазақстан Республикасының, Еуразиялық экономикалық одақтың және баратын елдің кедендік қағидаларымен танысу қажет.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасынан баламасы 10 000 АҚШ долларынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынады. Баламасы әкету күніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша айқындалады.
Қолма-қол ақша қаражаты мен жол чектерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізген кезде кеден заңнамасының декларациялау жөніндегі талаптары қолданылады.
Ақша қаражатын декларациялау міндеті мен қолма-қол шетел валютасын әкетуге белгіленген тыйымның екі түрлі құқықтық талап екенін ескеру қажет.
Шет мемлекетке ақша қаражатын, азық-түлік өнімдерін, дәрілік заттарды, алкогольді, темекі өнімдерін және басқа да тауарларды әкелу қағидаларын бөлек тексеру қажет.
Қол жүгі мен тіркелген багажға қойылатын талаптар да авиациялық қағидаларға, маршрутқа және тасымалдаушының шарттарына байланысты.
