Вакцинация қалай жүргізіледі
ЖүктеуКіріспе
Вакцинация — инфекциялық аурулардың алдын алудың негізгі тәсілдерінің бірі. Профилактикалық екпелер иммундық қорғанысты қалыптастыруға және инфекциялық аурулардың ауыр өту қаупін азайтуға көмектеседі.
Қазақстан Республикасында профилактикалық екпелер балалар мен ересектерге Профилактикалық екпелердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жүргізіледі.
Инфекциялық аурулардың тізбесі, вакцинациялау мерзімдері және халықтың тиісті топтары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен айқындалады.
Бұл материалда вакцинациялау мерзімдері, екпелерді жүргізу тәртібі, медициналық қарсы көрсетілімдер және ақпараттандырылған келісімді немесе бас тартуды ресімдеу тәртібі түсіндіріледі.
