Вакцинация қалай жүргізіледі

Жүктеу

Вакцинациядан бас тартудың салдары

Профилактикалық екпелер азаматтың немесе кәмелетке толмаған баланың заңды өкілінің ақпараттандырылған келісімі алынғаннан кейін жүргізіледі.
Азамат немесе заңды өкіл заңнамада белгіленген тәртіппен вакцинациядан бас тартуға құқылы.
Профилактикалық екпеден бас тарту электрондық түрде ресімделеді және медициналық ақпараттық жүйеде тіркеледі.
Екпе алмаған бала балабақшаға немесе мектепке бара ала ма?
Екпе алмаған балаларды білім беру ұйымдарына жіберу мәселесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және қолданыстағы санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен реттеледі.
Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау кезінде ұжымдық иммунитет деңгейіне және екпе алмаған балалардың рұқсат етілген үлесіне қойылатын талаптар ескеріледі.
Инфекциялық аурулар тіркелген немесе олардың таралу қаупі туындаған жағдайда уәкілетті органдар қосымша эпидемияға қарсы шаралар енгізуі мүмкін. Олардың қатарында адамдардың жекелеген санаттары үшін ұйымдасқан ұжымдарға баруға уақытша шектеулер қою да бар.
Мұндай шаралар заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда қолданылады.
Екпелерден бас тартқан кезде нені ескеру қажет?
Вакцинацияның болмауы инфекциялық ауруларды жұқтыру және олардың ауыр өту қаупін арттыруы мүмкін.
Шетелге сапар жоспарлаған кезде баратын елдің профилактикалық екпелерге қатысты қолданыстағы талаптарын алдын ала нақтылау ұсынылады.
Маңызды! Вакцинацияға қатысты шешім өзгерген жағдайда екпе мәртебесін нақтылау және жеке иммундау кестесін жасау үшін медициналық ұйымға жүгінуге болады.

Жаңарту күні: Көру саны:2491
  1. Вакцинациядан бас тартудың салдары