Вакцинация қалай жүргізіледі

Жүктеу

Медицина қызметкерінің вакцинация алдындағы міндеттері

Профилактикалық екпе жүргізер алдында медицина қызметкері азаматқа немесе кәмелетке толмаған баланың заңды өкіліне вакцинация туралы ақпарат беруге міндетті.

Медицина қызметкері не істеуі тиіс?

  1. Бұрын жүргізілген екпелер туралы мәліметтерді тексеру.

  2. Денсаулық жағдайы және ықтимал қарсы көрсетілімдер туралы сауалнама жүргізу.

  3. Көзделген медициналық қарап-тексеруді жүргізу және вакцинациялау мүмкіндігін бағалау.

  4. Вакцинаның мақсаты, ықтимал реакциялар және иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер туралы хабарлау.

  5. Вакцинациядан бас тартудың салдарын түсіндіру.

  6. Белгіленген тәртіппен ақпараттандырылған келісімді немесе бас тартуды ресімдеу.

  7. Қарсы көрсетілімдер болмаған және келісім берілген жағдайда екпе жүргізу.

  8. Вакцинациядан кейін медициналық бақылауды қамтамасыз ету.

Келісім немесе бас тарту қалай ресімделеді?

Профилактикалық екпе жүргізуге ақпараттандырылған келісім немесе одан бас тарту электрондық түрде ресімделеді және медициналық ақпараттық жүйеге енгізіледі.

Техникалық ақаулар туындаған жағдайда санитариялық қағидаларда көзделген құжаттау тәртібі қолданылады.

Медициналық қарсы көрсетілімдер

Профилактикалық екпелерді жүргізуге қарсы көрсетілімдер уақытша, ұзақ мерзімді немесе тұрақты болуы мүмкін.

Қарсы көрсетілімдердің болуы және екпе жүргізу мүмкіндігі туралы шешімді уәкілетті медицина қызметкері пациенттің денсаулық жағдайын, бейінді мамандардың қорытындыларын және медициналық қарсы көрсетілімдердің бекітілген тізбесін ескере отырып қабылдайды.

Қарсы көрсетілімдер болған жағдайда вакцинация медициналық қорытындыға сәйкес кейінге қалдырылады немесе жүргізілмейді.

Маңызды! Аурудың болуы немесе денсаулық жағдайының ерекшеліктері әрқашан вакцинацияға толық тыйым салынатынын білдірмейді. Шешім қолданыстағы медициналық қағидаларға сәйкес әрбір жағдайда жеке қабылданады.

Жаңарту күні: Көру саны:1459
  1. Медицина қызметкерінің вакцинация алдындағы міндеттері