Вакцинация қалай жүргізіледі
ЖүктеуВакциналарға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасында профилактикалық екпелерді жүргізу үшін заңнамаға сәйкес қолдануға рұқсат етілген вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттар пайдаланылады.
Вакцинацияны ұйымдастыру кезінде вакциналарды сақтауға, тасымалдауға және қолдануға қойылатын белгіленген талаптардың сақталуы қамтамасыз етіледі.
Препаратты енгізер алдында медицина қызметкері мыналарды тексереді:
-
вакцинаның атауын;
-
жарамдылық мерзімін;
-
қаптамасы мен құтысының бүтіндігін;
-
препараттың таңбалануын;
-
қолданудың қажетті шарттарының сақталуын.
Профилактикалық екпелер белгіленген талаптар сақтала отырып, арнайы жабдықталған егу кабинеттерінде немесе көшпелі егу бригадалары арқылы жүргізіледі.
Тіркелген дәрілік препараттар, оның ішінде вакциналар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың Мемлекеттік тізілімінен тексеруге болады.
Вакцинация жүргізілгенге дейін препарат, оны қолдану көрсетілімдері, қарсы көрсетілімдері және ықтимал реакциялар туралы ақпаратты медицина қызметкерінен нақтылауға болады.
