Вакцинация қалай жүргізіледі
ЖүктеуБалаларға қандай мерзімде егу жасау ұсынылады
Қазақстан Республикасында балаларға жоспарлы профилактикалық екпелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысында белгіленген мерзімдерге сәйкес жүргізіледі.
Профилактикалық екпелердің ұлттық күнтізбесі
-
Өмірінің 1–4-күні: туберкулез (БЦЖ), В вирустық гепатиті.
-
2 ай: В вирустық гепатиті, полиомиелит, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, b типті гемофильді инфекция, пневмококк инфекциясы.
-
3 ай: полиомиелит, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, b типті гемофильді инфекция.
-
4 ай: В вирустық гепатиті, полиомиелит, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, b типті гемофильді инфекция, пневмококк инфекциясы.
-
12–15 ай: полиомиелит, пневмококк инфекциясы, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит.
-
18 ай: полиомиелит, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, b типті гемофильді инфекция.
-
2 жас: А вирустық гепатитіне қарсы бірінші екпе.
-
2,5 жас: А вирустық гепатитіне қарсы екінші екпе.
-
6 жас: көкжөтел, дифтерия, сіреспе, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит.
-
11 жас: қыз балаларды адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау.
-
11,5 жас: АПВ-ға қарсы екінші екпе.
-
16 жас: дифтерия мен сіреспеге қарсы ревакцинация.
Одан әрі дифтерия мен сіреспеге қарсы ревакцинация әр 10 жыл сайын жүргізіледі.
Маңызды! Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жекелеген жас топтарын иммундау бойынша қосымша іс-шаралар жүргізілуі мүмкін.
Егер бала жоспарлы екпені өткізіп алса, жеке вакцинациялау кестесін жасау үшін емханаға жүгіну қажет. Екпелердің мерзімдері мен олардың арасындағы аралықтарды өз бетінше өзгертуге болмайды.
