Вакцинация қалай жүргізіледі

Жүктеу

Вакцинация дегеніміз не

Вакцинация — инфекциялық ауруға қарсы арнайы иммундық қорғанысты қалыптастыру мақсатында вакцинаны енгізу.

Қазақстан Республикасында профилактикалық екпелер инфекциялық аурулардың бекітілген тізбесіне, вакцинациялау мерзімдеріне және иммундауға жататын халық топтарына сәйкес жүргізіледі.

Қандай екпелер қарастырылған?

Жоспарлы вакцинация туберкулезге, А және В вирустық гепатиттеріне, полиомиелитке, көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, b типті гемофильді инфекцияға, пневмококк инфекциясына, қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке және адам папилломасы вирусы (АПВ) тудыратын ауруға қарсы жүргізіледі.

Қосымша эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тұмау, құтыру, кене энцефалиті, сібір жарасы, туляремия, оба, іш сүзегі және коронавирус инфекциясын қоса алғанда, жекелеген инфекцияларға қарсы екпелер жүргізіледі.

Вакцинация қалай жүргізіледі?

  1. Екпе мәртебесін нақтылау үшін медициналық ұйымға жүгініңіз.

  2. Медицина қызметкері бұрын жасалған екпелер туралы мәліметтерді тексереді.

  3. Вакцинация алдында қарсы көрсетілімдерді анықтау үшін сауалнама жүргізіліп, қажетті медициналық бағалау жасалады.

  4. Медицина қызметкері вакцина және ықтимал реакциялар туралы ақпарат береді.

  5. Ақпараттандырылған келісім ресімделгеннен кейін вакцинация жүргізіледі.

  6. Екпеден кейін 30 минут бойы медициналық бақылауда болу қажет.

Жүргізілген вакцинация туралы мәліметтер медициналық ақпараттық жүйеге енгізіледі.

Маңызды! Жоспарлы екпелер өткізіліп алынған жағдайда одан әрі вакцинациялаудың жеке схемасын медицина қызметкері айқындайды.

Жаңарту күні: Көру саны:7206
  1. Вакцинация дегеніміз не