Жеке абилитация және оңалту бағдарламасы (АОЖБ) дегеніміз не?

Жүктеу

Медициналық оңалту нені қамтиды

Медициналық оңалту организмнің бұзылған функцияларын қалпына келтіруге немесе олардың орнын толтыруға және адамның дербестігін арттыруға бағытталған.

АОЖБ-ның медициналық бөлігін медициналық ұйым мультидисциплинарлық топтың қатысуымен медициналық оңалтудың қолданыстағы қағидалары мен клиникалық хаттамаларға сәйкес әзірлейді.

Медициналық оңалту мыналарды қамтуы мүмкін:

  • қалпына келтіру емі;

  • организмнің бұзылған функцияларын жақсартуға немесе олардың орнын толтыруға бағытталған іс-шаралар;

  • медициналық оңалту рәсімдері;

  • медициналық көрсетілімдер бойынша басқа да іс-шаралар.

Медициналық ұйымдар жүргізілген іс-шаралар туралы мәліметтерді денсаулық сақтау саласының тиісті цифрлық жүйелеріне енгізеді.

Медициналық оңалтудың тиімділігін медициналық ұйымның уәкілетті мамандары, оның ішінде мультидисциплинарлық топ пен дәрігерлік-консультациялық комиссия бағалайды.

Маңызды! Медициналық оңалту денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізіледі. Әлеуметтік қызметтер порталы медициналық ұйымды алмастырмайды және медициналық оңалтудың барлық түрлерін алуға арналмаған.

Жаңарту күні: Көру саны:4229
  1. Медициналық оңалту нені қамтиды