Мектепке оқуға қабылдау
ЖүктеуБаланы мектепке қабылдау кезінде ата-аналар нені білуі керек
Қабылдау емтихандары
Жалпы білім беретін мектептердің бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихандар, тестілеу және конкурстық іріктеу өткізілмейді.
Мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін жеке іріктеу қағидалары қолданылуы мүмкін.
Қосымша құжаттар
Мектеп мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың қолданыстағы тізбесінде көзделмеген құжаттарды талап етуге құқылы емес.
Қызмет көрсету аумағы
Мектепке бекітілген аумақта тұратын балалар белгіленген тәртіппен қабылданады. Қызмет көрсету аумағынан тыс жерде тұратын балалардың ата-аналары берген өтініштер бос орындардың болуын және көзделген кезектілік тәртібін ескере отырып қаралады.
Медициналық құжаттар
Баланы оқуға қабылдау кезінде белгіленген нысандар бойынша медициналық құжаттар ұсынылады. Жекелеген профилактикалық екпелердің болмауы автоматты түрде мектепке қабылдаудан бас тартуға негіз болып есептелмеуге тиіс.
Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың балаларын оқуға қабылдау олардың құқықтық мәртебесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Құжаттар тізбесі және білім беру саласындағы уәкілетті органның жолдамасын алу қажеттілігі қолданылатын қағидалармен айқындалады.
Оқуға қабылдаудан бас тартылған жағдайда
Ата-аналар бас тартудың жазбаша негіздемесін сұратуға және тиісті жергілікті білім беруді басқару органына жүгінуге немесе белгіленген тәртіппен шешімге шағымдануға құқылы.
