Мектепке оқуға қабылдау
ЖүктеуБалаңызды қай мектепке бере аласыз?
Балаға мектепті қалай таңдауға болады
Ата-аналар немесе заңды өкілдер баланың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, орта білім беру ұйымын таңдауға құқылы.
Қызмет көрсету аумағы бойынша мектеп
Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерге қызмет көрсету аумақтары (шағын учаскелер) бекітіледі.
Мектеп заңнама талаптарына сәйкес өзіне бекітілген аумақта тұратын балаларды қабылдауды қамтамасыз етеді.
Шағын учаскелер туралы ақпаратты таңдалған мектептен немесе жергілікті білім басқармасының ресми интернет-ресурсынан алуға болады.
Қызмет көрсету аумағынан тыс орналасқан мектеп
Ата-аналар баланың тұрғылықты жеріне бекітілген қызмет көрсету аумағынан тыс орналасқан мектепке де өтініш бере алады.
Қабылдау бос орындардың болуын және оқуға қабылдаудың белгіленген тәртібін ескере отырып жүзеге асырылады.
Орындарды бөлу тәртібі
Өтініштерді қарау кезінде Қағидаларда көзделген кезектілік қағидаты қолданылады: қызмет көрсету аумағынан өтініш берген әрбір үш үміткерге басқа аумақтан бір үміткерден келеді. Бұл ретте өтініштердің берілу уақыты мен белгіленген талаптар ескеріледі.
Мамандандырылған мектептер
Мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін оқуға қабылдаудың жеке шарттары мен конкурстық рәсімдері қолданылуы мүмкін. Өтініш бермес бұрын таңдалған ұйымның қабылдау қағидаларымен танысу қажет.
