Мектепке оқуға қабылдау

Жүктеу

Бала қай жастан бірінші сыныпқа барады?

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес бірінші сыныпқа алты жастағы балалар, сондай-ақ ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар қабылданады.

Егер бала 1 қыркүйектен кейін, бірақ ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін алты жасқа толатын болса, ата-аналары немесе заңды өкілдері оны бірінші сыныпқа қабылдау туралы өтініш беруге құқылы.

Балаларды қабылдау олардың дайындық деңгейіне қарамастан жүзеге асырылады.

Жалпы білім беретін мектептерде бірінші сыныпқа қабылдау кезінде мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін көзделген жағдайларды қоспағанда, түсу емтихандары, тестілеу немесе конкурстық іріктеу өткізілмейді.

Жаңарту күні: Көру саны:17004
  1. Бала қай жастан бірінші сыныпқа барады?