Шетелдік дипломды қалай тануға болады
ЖүктеуҚұжатты тану үшін қайда хабарласуға болады
Қызметті кім көрсетеді
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Қызметті алу тәсілдері
-
eGov.kz порталы арқылы онлайн.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ХҚКО) арқылы.
Онлайн өтініш беру тәртібі
-
eGov.kz порталында авторизациядан өтіңіз.
-
Тиісті білім деңгейі туралы құжаттарды тану жөніндегі мемлекеттік қызметті таңдаңыз.
-
«Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.
-
Өтінішті толтырыңыз.
-
Қажетті құжаттарды тіркеңіз.
-
Өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойыңыз.
-
Нәтижені жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен қадағалаңыз.
Қандай құжаттар қажет
Негізгі құжаттар топтамасына мыналар кіреді:
-
белгіленген нысандағы өтініш;
-
жеке басын куәландыратын құжат немесе өтініш берушіні сәйкестендіруге арналған мәліметтер;
-
қосымшасы бар білім туралы құжат;
-
апостиль немесе заңдастыру — талап етілетін жағдайларда;
-
құжат пен оның қосымшасының қазақ немесе орыс тіліне нотариат куәландырған аудармасы — көзделген жағдайларда;
-
мемлекеттік қызметке ақы төленгені туралы мәліметтер;
-
білім түріне және өтініш беру мән-жайларына байланысты қосымша құжаттар.
Ғылыми дәреже беру туралы құжаттарды тану үшін құжаттардың жеке тізбесі көзделген.
Білім туралы құжаттарды тану мерзімдері
|
Санат |
Онлайн |
ХҚКО арқылы |
|---|---|---|
|
Апостиль қойылған немесе заңдастырылған құжаттар |
15 жұмыс күні |
25 жұмыс күні |
|
Апостиль қойылмаған және заңдастырылмаған құжаттар |
35 жұмыс күні |
45 жұмыс күні |
Көрсетілген мерзімдер білім туралы құжаттарды танудың негізгі рәсімдеріне қатысты. Ғылыми дәреже беру туралы құжаттар үшін арнайы мерзімдер қолданылады.
Тану рәсімінің құны
Құны білім деңгейіне және көрсетілетін қызметті алушының санатына байланысты.
Қазақстан Республикасының резиденттері үшін:
-
Орта білім — 6 АЕК.
-
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім — 8 АЕК.
-
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім — 10 АЕК.
-
Ғылыми дәреже беру туралы құжатты тану — 10 АЕК.
-
Тану туралы куәліктің телнұсқасы — 3 АЕК.
Әлеуметтік осал санаттардың жекелеген топтары үшін жеңілдікті тарифтер көзделген. Бейрезиденттер үшін төлемнің жеке мөлшерлері белгіленген.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
-
Білім туралы құжатты тану туралы куәлік.
-
Тану туралы куәліктің телнұсқасы — қызметтің тиісті кіші түріне жүгінген жағдайда.
-
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Электрондық өтініш берілген жағдайда нәтиже өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберіледі.
