Шетелдік дипломды қалай тануға болады

Жүктеу

Шетелдік дипломның сараптамалық бағасы қалай жүргізіледі

Білім туралы құжаттарды тану Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен қолданыстағы заңнама талаптарын ескере отырып жүзеге асырылады.

1. Құжаттың түпнұсқалығын тексеру

Ұсынылған білім туралы құжаттың түпнұсқалығы анықталады.

Қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші шетелдік білім беру ұйымына немесе құжатты берген елдің уәкілетті органына сұрау салу жібереді.

2. Шетелдік білім беру ұйымын тексеру

Құжатты берген ұйымның оны беру сәтінде тиісті білім беру қызметін жүзеге асыруға құқығы болған-болмағаны анықталады.

3. Сараптамалық бағалау

Егер халықаралық шартта оңайлатылған тәртіп көзделмесе, құжатқа сараптамалық бағалау жүргізіледі.

Бағалау кезінде мыналар ескеріледі:

  • білім деңгейі мен біліктілік;

  • оқу кезеңдері, мерзімдері және нысаны;

  • құжат беретін академиялық және кәсіби құқықтар;

  • қосымша білім, практикалық дағдылар және жұмыс тәжірибесі — көзделген жағдайларда.

Жекелеген бағыттардың ерекшеліктері

Медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық кадрларды даярлау бағыттары бойынша құжаттарды танудың арнайы ерекшеліктері көзделген.

Халықаралық академиялық рейтингтердің белгіленген талаптарына сәйкес келетін шетелдік университеттер берген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттар түпнұсқалығын тексерудің оңайлатылған рәсімі бойынша танылады.

Рәсімнің нәтижесі

Қарау қорытындысы бойынша білім туралы құжатты тану туралы шешім қабылданады немесе дәлелді бас тарту жіберіледі.

Оң шешім қабылданған жағдайда білім туралы құжатты тану туралы куәлік ресімделеді.

Жаңарту күні: Көру саны:4709
  1. Шетелдік дипломның сараптамалық бағасы қалай жүргізіледі