Шетелдік дипломды қалай тануға болады
ЖүктеуШетелдік дипломды қашан тану қажет
Шет мемлекеттерде алынған білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тануға жатады.
Кімдерге тану рәсімі қажет болуы мүмкін
-
Қазақстанда оқуын жалғастыруды жоспарлап отырған шетелдік мектептер мен колледждердің түлектеріне.
-
Жұмысқа орналасуды немесе оқуын жалғастыруды жоспарлап отырған шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом иелеріне.
-
Заңнамада көзделген жағдайларда шетелде ғылыми дәреже алған адамдарға.
Қандай жағдайларда тану талап етілмейді
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес мынадай адамдар тану рәсімінен өтпейді:
-
«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері.
-
Тану рәсімінен босатуды көздейтін халықаралық шарттар мен келісімдердің күші қолданылатын құжаттардың иелері.
-
Қағидаларда көзделген жағдайларда халықаралық шарттар немесе уәкілетті органның шешімдері негізінде Қазақстанда қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдардың филиалдары мен шетелдік оқу орындары берген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың иелері.
Халықаралық келісімдердің ерекшеліктері
Халықаралық шарттың болуы тиісті елде берілген барлық құжаттардың тану рәсімінен автоматты түрде босатылатынын білдірмейді.
Мысалы, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелері еңбек қызметінің мақсаттары мен белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып қолданылады.
1992 жылғы 15 мамырдан кейін ТМД мемлекеттері берген білім туралы құжаттар тек аталған күнгі ТМД келісімінің негізінде ғана тану рәсімінен босатылмайды.
Маңызды: тану рәсімінен босатылу нақты құжатты, оның берілген күнін, білім алған елді, пайдалану мақсатын және қолданылатын халықаралық шартты ескере отырып айқындалуы қажет.
