Шетелдік дипломды қалай тануға болады
ЖүктеуБілім туралы құжаттарды тану дегеніміз не
Білім туралы құжаттарды тану дегеніміз не
Шетелдік білім туралы құжатты тану — шетелдік білім беру ұйымы берген құжатты Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану үшін ресми түрде растау рәсімі.
Тану барысында мыналар тексеріледі:
-
білім туралы құжаттың түпнұсқалығы;
-
құжат берілген кезде шетелдік ұйымның тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының болуы;
-
білім деңгейі мен біліктілік — сараптамалық бағалау талап етілетін жағдайларда;
-
құжат беретін академиялық және кәсіби құқықтардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі.
Қандай құжаттар танылады
Тану рәсімі мынадай құжаттар үшін көзделген:
-
Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттар.
-
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттар.
-
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттар.
-
Шетелде алынған ғылыми дәреже беру туралы құжаттар.
Ғылыми дәреже беру туралы құжаттарды тану түпнұсқалығын тексеруді және белгіленген жағдайларда диссертация мен ғылыми жарияланымдарға сараптама жүргізуді көздейтін арнайы тәртіппен жүзеге асырылады.
