Құжаттарды қалай апостильдеуге (заңдастыруға) болады
ЖүктеуҚР Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен құжаттарды қалай апостильдеуге болады
ҚР Қаржы Министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және оның аумақтық органдарынан шығатын құжаттарды апостильдеу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ филиалына (ХҚКО) немесе ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитетінің аумақтық органдарына келесі құжаттарды өзімен бірге алып келу керек:
- жеке куәлік;
- мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек (0,5 АЕК);
- апостильделетін құжаттың түпнұсқасы;
- нотариалды куәландырылған сенімхат (көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда).
ХҚКО-ға өтінім берілгеннен кейін апостиль қойылған құжатты сіз 3-5 жұмыс күні ішінде аласыз.
