Құжаттарды қалай апостильдеуге (заңдастыруға) болады

Жүктеу

Мемлекеттік мұрағаттардан анықтамаларды қалай апостильдеуге болады

Мұрағаттық анықтамалар, құжаттар, үзінділер және олардың көшірмелерін апостильдеу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ (ХҚКО) филиалына келу немесе онлайн-қызмет арқылы өтінім беру қажет.

Онлайн-өтінім берген кезде сіз оған құжаттың скан-көшірмесін қоса беріп, сол жерде 0,5 АЕК мемлекеттік баж салығын төлеуге және өзіңіздің ЭЦҚ-мен өтінімге қол қоюға тиістісіз, содан кейін сіз өтінімді өңдеу туралы хабарлама аласыз.

Хабарламада белгіленген күні ХҚКО-ға бару керек, өзіңізбен бірге келесі құжаттар болу керек:

  • жеке куәлік;
  • апостильделетін құжаттың түпнұсқасы.

ХҚКО-да апостильдеуге өтінім берген кезде өзіңізбен бірге келесі құжаттар болуы керек:

  • жеке куәлік (жеке тұлға үшін) немесе құрылтай құжатының көшірмесі (заңды тұлға үшін);
  • мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек (0,5 АЕК);
  • апостильделетін құжаттың түпнұсқасы.

ХҚКО-ға өтінім берілгеннен кейін апостиль қойылған құжатты сіз 10 жұмыс күні ішінде аласыз.

Жаңарту күні: Көру саны:672
  1. Мемлекеттік мұрағаттардан анықтамаларды қалай апостильдеуге болады