Құжаттарды қалай апостильдеуге (заңдастыруға) болады
ЖүктеуБілім туралы құжаттарды қалай апостильдеуге болады
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарға шетелде ұсыну үшін апостиль қою талап етілуі мүмкін.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі білім беру деңгейіне және уәкілетті мемлекеттік органға байланысты болады.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарға мемлекеттік қызмет көрсетудің арнайы қағидалары қолданылады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттар үшін тиісті мемлекеттік қызметті таңдап, оның қолданыстағы қағидаларын басшылыққа алу қажет.
Өтініш нақты мемлекеттік қызмет үшін көзделген арналар арқылы, оның ішінде электрондық өтініш беру тәсілі Қағидаларда белгіленген жағдайда eGov.kz порталы арқылы беріледі.
Қажетті құжаттардың тізбесі, төлем мөлшері және қызмет көрсету мерзімі тиісті мемлекеттік қызметтің қағидаларымен айқындалады.
Назар аударыңыз: білім туралы құжаттарға апостиль қою және шетелдік білім туралы құжаттарды Қазақстанда тану — екі түрлі рәсім.
