Қалай адвокат болуға болады
ЖүктеуҚалай адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алуға болады
Тағылымдамадан және аттестаттаудан өткеннен кейін (заңнамада көзделген олардан босату жағдайларын қоспағанда) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алу қажет.
Лицензия алу тәртібі
-
eGov.kz немесе eLicense.kz порталында авторизациядан өтіңіз.
-
«Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін таңдаңыз.
-
Лицензия алуға арналған электрондық өтінішті толтырыңыз.
-
Адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін мәліметтер нысанын толтырыңыз.
-
Лицензиялық алымды төлеңіз.
-
Өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойып, жіберіңіз.
-
Өтініштің мәртебесін жеке кабинетіңізден қадағалаңыз.
Қажетті құжаттар мен мәліметтер
Лицензия алу үшін мыналар ұсынылады:
-
белгіленген нысан бойынша лицензия алуға арналған өтініш;
-
адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін мәліметтер нысаны;
-
егер төлем электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы жүргізілмесе, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке куәлік, соттылықтың болуы немесе болмауы және медициналық есепке алу туралы мәліметтерді уәкілетті орган мемлекеттік ақпараттық жүйелерден сұратады.
Құны: 6 АЕК.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.
Нәтижесі: адвокаттық қызметпен айналысуға электрондық лицензия немесе дәлелді бас тарту.
Маңызды: өтініш берушінің таңдауы бойынша аттестаттаудан өту және лицензия беру қызметтері заңнамада белгіленген тәртіппен «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілуі мүмкін.
Лицензия алғаннан кейін адвокат мәртебесіне ие болу үшін адвокаттар алқасына кіру қажет.
