Қалай адвокат болуға болады

Жүктеу

Қалай адвокаттық қызметке тағылымдама мен аттестаттаудан өтуге болады

1. Тағылымдамадан өту

Тағылымдамадан өту үшін адвокаттар алқасының төралқасына өтінішпен жүгіну қажет.

Өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі уәкілетті органмен келісу бойынша Республикалық адвокаттар алқасы бекіткен Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережемен айқындалады.

Тағылымдамадан өтуге жіберу немесе одан бас тарту туралы шешім өтініш келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қабылданады.

Тағылымдама адвокаттық қызмет өтілі кемінде 5 жыл болатын адвокаттың жетекшілігімен өтеді. Тағылымдаманың ұзақтығы 6 айдан 1 жылға дейін құрайды.

Тағылымдама нәтижелері бойынша адвокаттар алқасының төралқасы тағылымдама жетекшісінің қорытындысын қарайды. Тағылымдамадан сәтті өткені туралы қорытынды бекітілген күннен бастап 3 жыл бойы жарамды.

Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 38-бабында көзделген адамдардың жекелеген санаттары тағылымдамадан өтуден босатылады.

2. Аттестаттауға өтініш беру

Тағылымдамадан сәтті өткеннен кейін аттестаттаудан өтуге өтініш беру қажет.

Ол үшін:

  1. eGov.kz немесе eLicense.kz порталында авторизациядан өтіңіз.

  2. «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметін таңдаңыз.

  3. Аттестаттауға жіберу туралы электрондық өтінішті толтырыңыз.

  4. Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысанын толтырыңыз.

  5. Өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойып, жіберіңіз.

  6. Өтініштің мәртебесін жеке кабинетіңізден қадағалаңыз.

Жеке куәлік және заңнамада көзделген жағдайларда медициналық есепке алу туралы мәліметтерді уәкілетті орган мемлекеттік ақпараттық жүйелерден сұратады.

Қызмет құны: тегін.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.

3. Аттестаттаудан өту

Аттестаттау кешенді компьютерлік тестілеу нысанында өткізіледі және мыналарды қамтиды:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасын білу деңгейін тексеру;

  • адвокаттық қызметке қажетті практикалық дағдыларды тексеру.

Аттестаттау үміткердің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде өткізіледі.

Аттестаттау нәтижелері бойынша аумақтық әділет органы аттестаттау немесе аттестаттамау туралы дәлелді шешім қабылдайды.

Аттестаттаудан сәтті өткені туралы шешім қабылданған сәттен бастап 3 жыл бойы жарамды.

Заңнамада аттестаттаудан өтуден босатылатын адамдардың санаттары көзделген.

Жаңарту күні: Көру саны:3854
  1. Қалай адвокаттық қызметке тағылымдама мен аттестаттаудан өтуге болады