Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу
Жұмысы және (немесе) жалақысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам (бұдан әрі - ізденуші) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жүгінген кезде:
1) тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы;
2) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы;
3) Мемлекеттік корпорация арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі.
Қызметті қалай алуға болады
Қызмет электрондық форматта қолжетімді
- Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу
- Жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама алу
Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:
- Ізденуші "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес электрондық нысанда жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу үшін мәліметтер нысанын толтырады.
Порталда өтінімді қабылдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні көрсетіле отырып көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Порталдың жұмыс кестесі
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көру саны:2302
