Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу

Категорияларға қайту

Онлайн өтініш беру "қандас" мәртебесі бар адамдар үшін қол жетімді емес.

Қызметті қалай алуға болады

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз

3. Еңбек қызметі туралы мәліметтерді, білімі туралы деректерді, жеке дағдыларын, тілдерді білуін, жұмыс режимін, лауазымын және еңбекақысын толтыру.

4. Жеке деректерді enbek.kz порталына орналастыруға келісім беру.

5. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) көмегімен қол қойыңыз.

6. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Бір реттік пароль арқылы:

1. Порталда авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз

2. "Онлайн сұратым" батырмасын басыңы

3. Еңбек қызметі туралы мәліметтерді, білімі туралы деректерді, жеке дағдыларын, тілдерді білуін, жұмыс режимін, лауазымын және еңбекақысын толтыру.

4. Жеке деректерді enbek.kz порталына орналастыруға келісім беру.

5. Бір реттік СМС-пароль арқылы қол қойыңыз (СМС порталдың жеке кабинетінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі, міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу болу керек) 

6. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталдың жұмыс кестесі

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Қызмет нәтижесі

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау.

  2. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтердің осы Талаптар тізбесінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Көру саны:27267

Онлайн тапсырыс беру

Толық аты

Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу

Қызмет алушылар

Жеке тұлғалар

Қызмет бағасы

Тегін

Қызмет көрсету уақыты

1 жұмыс күні

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қызмет көрсету орны

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
  • «Цифрлық үкімет» порталы
  • Мансап орталығы
  • Enbek.kz порталы