Жалпы ақпарат

Оксана Мырзабековна Карабалинова
Карабалинова Оксана Мырзабековна

Өскемен ауылдық округінің әкімі

Об акимате

Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы

Өскемен ауылдық округінде ауыл шаруашылығы, білім беру, әлеуметтік қолдау, сауда және қызмет көрсету салалары дамып келеді. Округ аумағында ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Сонымен қатар тұрғындардың күнделікті қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және ауылдардың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы және өндіріс

Восточное ауылында «ВК-Бекон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыс істейді. Кәсіпорынның негізгі қызмет бағыты – шошқа өсіру. Серіктестік 2002 жылдан бастап істейді. Басшысы – Ивашин Константин Викторович. Кәсіпорында шамамен 90 адам еңбек етеді.

Донское ауылында «Иртыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орналасқан. Кәсіпорын 1998 жылдан бері өсімдік және мал шаруашылығымен айналысады. Мұнда бидай, арпа, күнбағыс және мал азықтық дақылдар өсіріледі. Егістік алқабы 3 мың гектардан асады. Сондай-ақ 1000-нан астам ірі қара малды бордақылауға арналған ферма және серіктестік салған заманауи мал сою пункті бар. Кәсіпорында 105 адам жұмыс істейді. Директоры – Барков Анатолий Борисович.

Донское ауылындағы тағы бір кәсіпорын – «Агрокомплекс Донское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.Басшысы – Камбарова Жанар Калибековна. Негізгі қызмет бағыты – көкөніс, тұқым және көшет өсіру. Қызметкерлер саны шамамен 30 адам. Қазіргі уақытта кәсіпорынның жылыжай кешені құрылыс сатысында, оны алдын ала 2027 жылы іске қосу жоспарланған. Жылыжай кешенінің ауданы – 1,5 гектар. Онда қызанақ пен қияр өсіріліп, жылына 250 тонна көкөніс өндіру көзделген. 2026 жылғы наурызда жоба үшін қазандық сатып алынып, жобалау-сметалық құжаттама дайындалған. Жобаны жүзеге асыру округтегі көкөніс өндірісін ұлғайтуға және қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Округ аумағында «Бережной», «Восток», «Украинка» және басқа да шаруа қожалықтары қызмет атқарады. Олар 2000 гектардан астам алқапта өсімдік шаруашылығымен, сондай-ақ мал шаруашылығымен айналысады.

Балаларды қолдау және білім беру

Донское ауылында облыстық Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы орналасқан. Орталықтың ашылуы 2024 жылғы 27 ақпанда өтті. Бұл мекеме өмірлік қиын жағдайға тап болған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға уақытша тұруға және қолдау алуға мүмкіндік береді. Мұнда балалардың тұруына, тамақтануына, демалуына, білім алуына, сондай-ақ психологиялық және әлеуметтік көмек алуына жағдай жасалған. Орталық 1990 жылы салынған, 2024 жылы жөндеуден өткен ғимаратта орналасқан. Сыйымдылығы – 35 бала, қызметкерлер саны – 36 адам. Ғимаратта жатын бөлмелер, ойын бөлмелері, медициналық кабинет және спортпен шұғылдануға арналған орындар қарастырылған.

Восточное ауылында Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп жұмыс істейді. Мектеп директоры – Ғалиев Еркін Абайханұлы. Мектепте 69 оқушы білім алады, балабақшада 18 бала тәрбиеленеді. Жалпы бала саны – 87.

Донское ауылында Т. Тоқтаров атындағы мектеп-балабақша жұмыс істейді. Директоры – Қайсенова Мейрамгүл Шәкенқызы. Мектепте 106 оқушы оқиды, балабақшада 15 бала тәрбиеленеді. Жалпы бала саны – 121.

Ауылдарды абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту

2024 жылдан бастап 2026 жылға дейін округ елді мекендерінде балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, дене белсенділігін арттыруына және қауіпсіз демалуына қолайлы жағдай жасау мақсатында Донское, Восточное және Макеевка ауылдарында балалар ойын алаңдары орнатылды. Бұл жұмыстар ауылдық жерлердегі балалар үшін қолжетімді демалыс кеңістіктерін қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ округтің көптеген көшелерінде көше жарығы жүргізіліп, тұрғындардың кешкі уақытта қауіпсіз жүріп-тұруына жағдай жасалды. Елді мекендердегі көшелерді асфальттау және жолдардың жай-күйін жақсарту жұмыстары атқарылды. Округ бойынша жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізіліп, көлік қозғалысы мен тұрғындардың қатынауына қолайлы жағдай жасауға көңіл бөлінді.

Сауда және тұрғындарға қызмет көрсету

Өскемен ауылдық округінде тұрғындарға қызмет көрсететін азық-түлік және шаруашылық тауарларын сататын 9 дүкен бар. Олар халықты күнделікті қажетті тауарлармен қамтамасыз етеді. Донское ауылында екі наубайхана жұмыс істейді. Олардың бірі – жеке кәсіпкер Назаренконың, екіншісі – жеке кәсіпкер Разуменконың наубайханасы. Бұл нысандар жергілікті тұрғындарды нан және нан өнімдерімен қамтамасыз етуге үлес қосады.

Ережені жүктеу

Қызмет бағыты