Барлық материал
Бағыттары: Қоғамдық тыңдауды өткізу туралы хабарламалар | ID:3727
- 29 тамыз 2025Хабарлама"Gold share of interest" ЖШС жобалар бойынша ашық жиналыстар түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізеді: ШҚО Алтай ауданы, Масляха 9 блок учаскесінде, қатты пайдалы қазбаларды барлау жоспарына рұқсат етілген шығарындылар нормативтері (РЕШН), қалдықтарды басқару бағдарламасы (ҚББ), өндірістік – экологиялық бақылау бағдарламасы (ӨЭББ), табиғатты қорғау іс-шараларының жоспары (ТҚІШЖ) Блоктар саны-9 (тоғыз): М-45-62-(10г-5г-24,25), М - 45 -62- (10д-5в -14, 15, 18, 19, 21, 22, 23) (2023 жылғы 23 қазандағы №2232-el лицензиясы)).
- 27 тамыз 2025Хабарлама29.09.2025 жылы сағат 15.00-де Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Согринская көшесі, 223/10 мекен-жайы бойынша «Согринская көшесі, 223/10 ғимаратында, сынықтарды қайта өңдеу бойынша техникалық жөндеу ғимаратын (литер Б) қайта жабдықтаумен реконструкциялау» объектісіне әсер етуге экологиялық рұқсат алу үшін материалдар бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.
- 27 тамыз 2025Хабарлама26.09.2025 ж. сағат 10.00-де Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Малдыбаева көшесі, 173/1 мекенжайы бойынша «MSK GROUP KZ» ЖШС-інің әкімшілік ғимаратында «Өскемен қаласы, Малдыбаев көшесі, 173 мекенжайында өндірістік цехын салу» жобасына Ықтимал әсерлер туралы есебінің материалдары бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өтеді.
- 27 тамыз 2025Хабарлама29.09.2025 ж. сағат 11: 00-де ШҚО, Риддер қ., Жеңіс к-сі 10 мекенжайындағы оқу-жаттығу орталығының мәжіліс залында қоршаған ортаны қорғау бөлімі жасалған «Қазцинк» ЖШС «Казцинкмаш» ӨК «Ұста-қазандық цехы құрылысының» жобасы, жол берілетін төгінділер нормативтерінің жобасы, жол берілетін шығарындылар нормативтерінің жобасы, қалдықтарды орналастыру бағдарламасының жобасы, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы құжаттамаларының жиынтығымен 2025-2034 жылдарға «Казцинк» ЖШС «Қазцинкмаш» өнеркәсіптік кешені үшін әсер етуге экологиялық рұқсат алуға өтініш материалдары бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.
- 26 тамыз 2025Хабарлама«Өскемен ЖЭО» ЖШС І санаттағы объектіге («Өскемен ЖЭО» ЖШС) әсер етуге экологиялық рұқсат алу үшін материалдар бойынша ашық жиналыстар нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізудің басталғаны туралы хабарлайды, оған мынадай жобалар кіреді: «Рұқсат етілетін шығарындылар нормативтерінің жобасы»; «Рұқсат етілетін төгінділер нормативтерінің жобасы»; «Қалдықтарды басқару бағдарламасы»; «Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы», «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары».