Барлық материал
Бағыттары: Қоғамдық талқылаулар | ID:15437
- 29 қыркүйек 2025Хабарлама«ШЫҒЫС-НҰР» ЖШС. Майлы дақылдарды өңдейді, тазартылмаған өсімдік майын шығарады, тазартылмаған күнбағыс майы, күнбағыс ұны мен торт, күнбағыс қауызын шығарады. Кәсіпорын Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха қаласының батыс бөлігіндегі өнеркәсіптік аймақта, Школьная көшесі, 22/3 және 22/4 мекенжайы бойынша, теміржол депосының солтүстік-шығысында орналасқан.
- 19 қыркүйек 2025Хабарлама"Ертіс-ВК Продвижение" ЖШС. 2027 жылдан бастап жылына 350 мың тонна өнім өндіру қуаттылығымен Зырянов кенішінің ТМО (техногенді минералды объектілерін) ашық әдіспен өндіріске тарту жоспарлануда. Техногенді жыныс үйінділері бұрынғы Зыряновск қаласы, қазіргі Алтай қаласының солтүстік-шығыс шекарасында, Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. ТМО құрамындағы пайдалы қазбалар: мырыш, мыс, алтын және күміс.
- 05 қыркүйек 2025ХабарламаMQ EMIRATES GROUP Ltd. жекеменшік компаниясына тиесілі Кендерлік кен орны Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы аумағында, Зайсан қаласынан шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 40 км қашықтықта орналасқан. Жақын маңдағы қатынас жолдары – Усть-Каменогорск (Өскемен) қаласындағы теміржол, оған дейін Зайсан қаласынан 175 км ұзындықтағы жақсы шосселік жол салынған, сондай-ақ Зайсан көліндегі Тополев Мыс айлағы, одан Зайсан қаласына дейін 85 км шосселік жол жүргізілген. Кен орнының қорларын өнеркәсіптік өндіру ашық тәсілмен жүргізіледі деп жоспарланған. Карьер алаңы – 24,2 гектар. Пайдалы қазбасы – көмір. Кен орны бұрын ешқашан ашық та, жер астымен де игерілмеген.