Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасының автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына сәйкес тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігін және тиісті деңгейде қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуге міндетті.
Егер жүргізуші дұрыс емес мінез-құлық танытса (әдепсіздік, міндеттерін орындаудан бас тарту, қызмет көрсету ережелерін бұзу), жолаушы келесі шараларды қолдана алады:
- Бұзушылықты тіркеу
Ұсынылады:
- автобус нөмірін/маршрутын жазып алу;
- күні, уақыты және орнын көрсету;
- мүмкін болса фото немесе видео түсіру.
- Тасымалдаушыға жүгіну
Шағымды тасымалдаушы ұйымға беру (байланыс деректері әдетте көлікте немесе компания сайтында көрсетіледі).
- Уәкілетті органдарға жүгіну
- Егер жауап болмаса, өтініш беруге болады:
- eGov порталы арқылы (e-Otinish сервисі);
- әкімдікке ("Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы");
- Азаматтарды қабылдау орталығы арқылы.
Нәтиже:
Шағымды қарау қорытындысы бойынша тасымалдаушыға немесе жүргізушіге қатысты шаралар қолданылады (тексеру жүргізу, тәртіптік жауапкершілік), өтініш берушіге жауап жіберіледі.
Мысал:
Жолаушы автобуста жүргізушінің дөрекі мінез-құлқына және аялдамада тоқтатудан бас тартуына тап болды. Ол автобус нөмірін тіркеп, eGov арқылы шағым жіберді. Тексеру нәтижесінде тасымалдаушыға ескерту берілді.
Терминдерді түсіндіру:
Тасымалдаушы — жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға.
Уәкілетті органдар — жергілікті атқарушы орган ("Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы").
Иә, қоғамдық көлік бұзылған жағдайда жолаушының билеті жарамды болып қала береді.
Егер көлік техникалық себептерге байланысты бұзылса
Тасымалдаушы міндетті:
- істен шыққан көліктің орнына жарамды автобус, шағын автобус немесе троллейбус беруге;
- немесе осы маршрут бойынша жүретін басқа көлікке жолаушыларды отырғызуды ұйымдастыруға.
Осы жағдайда:
- билет жарамды болып қалады;
- қосымша төлем талап етілмейді;
- тасымалдау шарты күшінде қалады, және тасымалдаушы жолаушыны межелі жерге жеткізуге міндетті.
Егер маршрутта бірнеше тасымалдаушы жұмыс істесе
- Билет оны сатқан тасымалдаушының көлігінде ғана жарамды.
- Басқа тасымалдаушылар өзге компаниялардың билеттерін қабылдауға міндетті емес, өйткені олар бөлек шарттар және бөлек есеп жүйелері бойынша жұмыс істейді.
Сондықтан билет бойынша ауысып отыру тек сол тасымалдаушының көлігінде мүмкін, немесе тасымалдаушылар арасында арнайы келісім болса ғана (бұл өте сирек кездеседі және міндетті талап болып саналмайды).
Егер тасымалдаушы ауыстырылған көлік бермесе:
Жолаушының құқығы бар:
- билеттің құнын қайтаруға, немесе
- орындалмаған тасымалдауға өтемақы алуға (тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнама аясында).
Мысал: Сіз «ГородТранс» компаниясының автобусымен бара жатырсыз. Маршрутта сондай-ақ «АвтоЛайн» компаниясы да жұмыс істейді.
«ГородТранс» автобусы бұзылса, компания резервтік автобус жіберуге немесе сізді өздерінің басқа автобусына отырғызуға міндетті.
«АвтоЛайн» автобусы басқа тасымалдаушының билетін қабылдауға міндетті емес.
Сіздің билетіңіз сапар аяқталғанға дейін жарамды болып қалады.
Автобус немесе шағын автобус жолға шықпай тұрып билетті кассаға қайтарған жағдайда, билет құнынан 3 пайыздан аспайтын сома ұсталып, қалған ақшасы жолаушыға қайтарылады.
Мысал: билет бағасы 2 000 теңге болса, 60 теңгеге дейін ұсталады, жолаушыға 1 940 теңге қайтарылады.
Егер билет сатып алынғаннан басқа кассада қайтарылса, билет құнынан 5 пайыздан аспайтын комиссия ұсталады.
Мысал: билет бағасы 2 000 теңге болса, 100 теңгеге дейін ұсталады, жолаушыға 1 900 теңге қайтарылады.
Автобусқа кешіккен жағдайда билет 3 тәуліктен кешіктірілмей қайтарылуы тиіс. Бұл жағдайда билет құнының 70%-ы өтеледі.
Мысал: билет бағасы 2 000 теңге болса, жолаушы 1 400 теңге алады. 3 тәуліктен кейін билет қайтарылмайды.
Тасымалдаушы жолаушыны оның келісімінсіз басқа орынға ауыстыруға құқылы емес, себебі билетте көрсетілген орын – тасымалдау шартының бөлігі болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-II «Автомобиль көлігі туралы» Заңында және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № 753 бұйрығымен бекітілген «Жолаушыларды, багажды және жүкді автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларында» көзделген. Тасымалдаушы жолаушыға билетте көрсетілген орынды беруге міндетті. Жолаушының келісімінсіз орын ауыстыру – тасымалдау шартын бұзу болып саналады. Ерекше жағдайлар тек заңда көрсетілген кезде ғана мүмкін. Мысалы, автобуста техникалық ақау пайда болып, жолаушыларды басқа көлікке көшіру қажет болғанда немесе қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында (осьтің артық жүктелуі, апаттық жағдай туындауы) орындарды қайта бөлу талап етілсе. Сондай-ақ жолаушы өзі келісім берген жағдайда орын ауыстыруға болады. Осының сыртында жолаушы орын ауыстырудан бас тартуға толық құқылы.
Мысал:
Жолаушы №5 орынға билет сатып алды. Водитель себеп түсіндірместен оны №20 орынға көшуін талап етеді. Жолаушы бас тартуға құқылы, өйткені келісімінсіз орын ауыстыру – тасымалдау шартын бұзу болып табылады.
Жолаушыға тек оның итпен бірге келе жатқаны үшін сапардан бас тартуға құқық берілмейді. Жануарларды қоғамдық және қалааралық көлікте тасымалдау тәртібі Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» № 476-II Заңы, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № 753 бұйрығымен бекітілген «Жолаушыларды, багажды және жүкді автомобиль көлігімен тасымалдау қағидалары», сондай-ақ санитариялық талаптармен реттеледі. Осы нормаларға сәйкес, жолаушы жануарды тасымалдау ережелерін сақтаған жағдайда итпен бірге сапарға шығуға құқылы.
– Ұсақ иттер переноскада немесе жабық торда тасымалданады, бұл шу, иіс және салонды ластауды болдырмайды.
– Ірі иттер тұмылдырықта, қысқа қарғыбауда және иесінің бақылауында, басқа жолаушыларға кедергі келтірмейтін жерде тасымалданады.
Тасымалдаушы сапардан бас тарта алады тек мына жағдайларда:
– ит агрессивті болып, жолаушыларға немесе жүргізушіге қауіп төндірсе;
– иесі қауіпсіздік шараларын (тұмылдырық, переноска, қарғыбау) қамтамасыз етпесе;
– санитариялық талаптар бұзылса (қатты иіс шығару, салонды ластау). Егер барлық талаптар орындалса, жануар тыныш және қауіпсіз болса, тасымалдаушының бас тартуы заңсыз болып табылады.
Мысал:
Жолаушы қалааралық автобусқа кішкентай итін жабық переноскада алып кірді. Жануар тыныш, санитариялық нормалар бұзылған жоқ. Жүргізушінің жолаушыны түсіруді талап етуі – заңсыз.
Жолаушыға алдын ала хабар бермей қалааралық рейстің уақытын өзгерту заңсыз болып табылады. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-II «Автомобиль көлігі туралы» Заңына және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № 753 бұйрығымен бекітілген «Жолаушыларды, багажды және жүкді автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларына» сәйкес, тасымалдаушы бекітілген қозғалыс кестесін сақтауға міндетті. Егер рейстің жөнелту уақыты өзгерсе, рейс кешіктірілсе немесе толықтай тоқтатылса, тасымалдаушы бұл туралы жолаушыны алдын ала кез келген қолжетімді тәсілмен хабардар етуге тиіс: телефон арқылы, SMS, электрондық пошта, касса арқылы немесе мобильдік қосымша арқылы. Жолаушыға хабар бермеу — тасымалдау қағидаларын бұзу болып саналады. Мұндай жағдайда жолаушы:
– билетті толық құны бойынша қайтарып алуға;
– немесе бос орындар болған жағдайда басқа рейспен жүруге құқылы.
Мысал:
Жолаушы «Алматы – Талдықорған» рейсіне 10:00-ге билет сатып алды, бірақ автобус 12:00-ге ауыстырылды және жолаушыға алдын ала хабар берілмеді. Бұл жағдайда ол толық ақшасын қайтаруды немесе өзіне қолайлы басқа рейсті таңдауды талап етуге құқылы.
Қоғамдық көлік салонының тазалығы мен санитариялық жағдайына тасымалдаушы жауап береді, яғни көлік құралын иеленетін немесе оны пайдаланатын ұйым немесе жеке кәсіпкер. Бұл талап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 60 бұйрығымен бекітілген «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында белгіленген. Тасымалдаушы көлік салонын таза ұстауға, тұрақты түрде жинау мен дезинфекция жүргізуге, желдетудің, жылытудың және жарықтандырудың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жолаушылар үшін жайлы жағдай қалыптастыруға міндетті. Салон таза болуы тиіс, қоқыс, жағымсыз иіс немесе ластану болмауы керек. Қажет болған жағдайда тасымалдаушы қоқыс жәшіктерін немесе пакеттерді қамтамасыз етеді және орындықтардың, сабау-ұстағыштардың және еденнің жағдайын бақылап отырады. Санитариялық нормалардың сақталуын санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) қадағалайды. Санитариялық талаптарды бұзған жағдайда тасымалдаушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін — мысалы, айыппұл салу немесе бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беру.
Мысал:
Егер автобус маршрутқа қоқыспен, ластанған орындықтармен немесе бензин иісімен шықса, оған тасымалдаушы жауап береді, ал шағымды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолдауға болады.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға ауданаралық сапар кезінде берілетін жеңілдіктер Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңымен, сондай-ақ 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №174-VII Заңымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып реттеледі. Осы заңның 20-бабының 1-тармағына енгізілген толықтыруларға сәйкес, I топтағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалар әлеуметтік маңызды ауданаралық маршруттарда тегін жүріп өту құқығына ие. Әлеуметтік маңызды маршруттар деп мемлекет тарапынан бекітіліп, субсидияланатын, халыққа тасымалдауды қамтамасыз етуге арналған маршруттар түсініледі.
2025 жылғы 20 қараша жағдайы бойынша облыста келесі әлеуметтік маңызды ауданаралық маршруттар жұмыс істейді: 30 қалааралық/ауданаралық автобус маршруты: «Өскемен-Риддер», «Өскемен-Бірінші Май», «Өскемен-Предгорное», «Өскемен- Предгорное арқылы Уварово», «Өскемен-Күршім», «Өскемен-Үлкен Нарын», «Өскемен-Алтай кенті», «Өскемен-Касым Қайсенов кенті», «Өскемен-Белоусовка», «Өскемен-Зайсан», «Өскемен-Бобровка», «Өскемен-Шемонаиха арқылы Жоғарғы Убу», «Өскемен-Тарханка», «Өскемен-Көгілдір Бұғаз-Айна», «Өскемен-Украинка», «Өскемен-Катонқарағай-Берел», «Өскемен-Саратовка-Отрадное», «Өскемен-Жаңа Қанайка», «Өскемен-Самарское», «Өскемен-Тройницкое», «Өскемен-Глубокое», «Өскемен-Алтай», «Өскемен-Асу-Бұлақ», «Өскемен-Октябрьск», «Өскемен-Күмістау», «Өскемен-Шемонаиха арқылы Біріншімай», «Өскемен-Жаңа-Үлбі», «Өскемен-Ақжар», «Өскемен-Бозанбай-Сібі көлі», «Өскемен-Марқакөл», «Марқакөл-Зайсан».
Мысал:
Егер «Өскемен – Семей» ауданаралық маршруты әлеуметтік маңызы бар бағыт ретінде бекітілсе, I топтағы мүгедектігі бар адам бұл маршрутпен бос орын болған жағдайда және мүгедектік мәртебесін растау арқылы күн сайын тегін сапар жасай алады.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) шығару тұрғындармен немесе тұрғын үйді басқару органдарымен (ПИК, МИБ) жасалған шарт негізінде мамандандырылған ұйымдармен жүзеге асырылады.
Егер қоқыс бірнеше күн бойы шығарылмаса, келесі шараларды қабылдау ұсынылады:
- Қызмет көрсетуші ұйымға жүгіну
Алдымен төмендегі ұйымдардың біріне хабарласу қажет:
- ПИК немесе МИБ;
- немесе қоқыс шығарумен айналысатын компания.
Байланыс деректері әдетте кіреберістегі ақпараттық тақтада немесе төлем түбіртегінде көрсетіледі.
- Ресми өтініш беру
Егер мәселе шешілмесе, уәкілетті органдарға жүгіну қажет:
- eGov арқылы (e-Otinish сервисі);
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) арқылы;
- Азаматтарды қабылдау орталығы (әкімдік) арқылы;
- арнайы сервистер арқылы (мысалы, Telegram-бот @tazaqazbot).
- Қажетті ақпаратты көрсету
Өтініш беру кезінде мыналарды көрсету ұсынылады:
- нақты мекенжай;
- мәселенің сипаттамасы (қоқыс неше күннен бері шығарылмағаны);
- мүмкін болса, толып тұрған контейнерлердің фотосуреті.
- Өтінішті қарау
Өтініш заңнамада белгіленген мерзімде қаралады (әдетте 15 жұмыс күніне дейін).
Нәтиже
Қарау нәтижесінде бұзушылықты жою шаралары қабылданады (қоқысты шығару ұйымдастырылады), ал өтініш берушіге жауап жолданады.
Мысал
Тұрғындар қоқыстың үш күннен астам уақыт бойы шығарылмағанын анықтады. МИБ-ке жүгінгеннен кейін мәселе шешілмеген соң, eGov порталы арқылы өтініш берілді. Нәтижесінде қоқыс шығару ұйымдастырылды.
Терминдерге түсініктеме
Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) — халықтың тұрмыс-тіршілігі барысында пайда болатын қалдықтар.
МИБ (мүлік иелерінің бірлестігі) — көппәтерлі тұрғын үйді басқару нысаны.
ПИК (пәтер иелері кооперативі) — тұрғын үйді басқару және күтіп ұстауды жүзеге асыратын ұйым.
Қазақстан Республикасы ІІМ 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйырығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының сәйкес, аулаларда, тұрғын аймақтарда және үй маңындағы аумақтарда көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығы 20 км/сағ-тан аспауы тиіс. Сондықтан аулада 3.24 «Максималды жылдамдықты шектеу» жол белгісін қосымша орнату орынсыз, себебі шектеу заңмен белгіленген.
Егер тұрғындар үй маңындағы аумақта жылдамдық режимінің үнемі бұзылатынын немесе авариялық жағдайлар туындайтынын есептесе, олар Өскемен қалалық полиция басқармасының Әкімшілік полиция бөліміне жазбаша өтінішпен жүгіне алады.
«Өскемен қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» атқарушы орган болып табылады, жол белгілері Өскемен қалалық полиция басқармасының Әкімшілік полиция бөлімінің нұсқамасы негізінде орнатылады.
Тексеру нәтижелері бойынша полиция жол белгісін немесе жолдың жасанды бұдырларын орнату туралы нұсқама беруі мүмкін.
Мысалы:
Абай көшесіндегі №25 үйдің тұрғындары көлік жүргізушілері 20 км/сағ жылдамдықты жиі асыратындықтан, аулада жылдамдықты төмендету шараларын орнатуды сұрап, әкімшілік полицияға ұжымдық үндеу жолдады. Полиция аумақты тексергеннен кейін жылдамдықты шектейтін және тиісті ескерту белгілерін орнату туралы ұйғарым шығарды.