Жалпы ақпарат

Әкімдік туралы

Өз құзыреті шегінде шешімдер мен өкімдер қабылдайды;

азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдайды;

салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарының, нормативтік құқықтық актілердің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

өз құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет туралы мәселелер бойынша ҚР заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады, қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;

шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастырады;

мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары шеңберінде ауыл халқына микрокредит беруге жәрдемдеседі;

аудан әкімінің және жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша ауылдың, ауылдық округтің авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызмет бағыты