Жалпы ақпарат

Әкімдік туралы

Өз құзіреті шегінде шешімдер мен өкімдер қабылдайды, мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне нұсқаулар мен тапсырмалар береді;

азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын  қорғау жөнінде шаралар қолданады;

салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті  төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

азаматтар мен  заңды тұлғалардың ҚР Конституциясы мен заңдарының, ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;

өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша ҚР заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

мүгедектерге көмек көрсетеді, қоғамдық жұмыстары, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдың, ауылдық округтің авариялық жағдайдағы үйлерін бұзуды ұйымдастырады.

Қызмет бағыты