Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі
Мектеп бағыты: жаратылыс-математикалық.
Профилі: математика, физика, информатика пәндерін тереңдете оқыту.
«ОМФИММЛ» КММ келесі жобалар іске асырылады: «It-мектеп», «Дарынды бала», «Болашақ мамандары», «Мектеп-ЖОО-Кәсіпорын». Мектеп Санкт-Петербургтегі білім беруді қолдау қорының «Ұлттық Гимназиялардың одағы» Халықаралық жобасының мүшесі.
Шығыс Қазақстан облыстық Мәслихатының 2016 жылғы 14 шілдедегі № 5/51-VI кезекті V сессиясының шешімімен«Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММбазасында инновациялар трансфертті, педагогикалық тәжірибеге ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді сынақтан өткізу және енгізу, Шығыс Қазақстан облысында инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін эксперименталды-инновациялық алаң құрылды.
2016 жылдан бастап лицей аймақтық деңгейдегі «Дарынды мектеп» жобасына белсенді қатысады. «Зияткер» инженерлік сыныптары облыстағы 18 мектептерінде ашылды, онда ОМФИММЛ мұғалімдерінің тәжірибесі жинақталып, таратылған.
2017 жылдан бастап мектеп «Зияткер» сыныптарының балалары үшін өткізілетін жыл сайынғы «Тілашар» Облыстық инженерлік олимпиадасының ұйымдастырушысы және қатысушысы болып табылады.
2014 жылдан бастап мектеп жыл сайынғы Облыстық IT-фестивалінің, «Жас математик», «Жас физик» Облыстық сайыстарының ұйымдастырушысы және қатысушысы болып келеді.
- 2019 жылы мектеп «Мектепке дейінгі үздік ұйым» II дәрежелі дипломмен марапатталды.
- 2018 жылы «Білім беру ұйымының үздік сайты» облыстық байқауында мектептің сайты vkschool25.com. 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.
2018 г в областном конкурсе «Лучший сайт организации образования» сайт школы vkschool25.com. отмечен дипломом 2 степени.
- 2017 жылы мектеп «30 үздік математикалық мектептер» Республикалық рейтингіне кірді (17 орын), Шығыс Қазақстан облысынан жалғыз мектеп.
- 2016 жылы мектеп «Шығыс Қазақстанның үздік олимпиадалық құрамы» ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
- 2015 жылы мектеп «Шығыс Қазақстанның үздік олимпиадалық құрамы» ІІІ дәрежелі дипломмен, Шығыс Қазақстан облысының «Бастауыш сынып оқушылардың арасындағы үздік олимпиадалық құрамы» І дәрежелі дипломмен марапатталды.
-2013 жылдан бастап «Заманауи ақпараттық технологиялар мектебі» атауының Жеңімпазы.
Мектеп дарынды балалармен жұмыс жасауда елеулі жетістіктерге жетті. 2015-2020 аралығында мектеп облыстық деңгейде – 205, республикалық деңгейде - 53 және халықаралық деңгейде - 19 жүлдегерлерді дайындады.