ШҚО ББ «ДҚББДШҚҒӘ «ДАРЫН» орталығы» КМҚК
Кәсіпорын қызметінің мақсаты Шығыс Қазақстан облысының дарынды балалары мен жастарының жоғары білім деңгейін анықтау, іріктеу, қолдау, дамыту және камтамасыз ету бойынша жүйе құру, жеке тұлғанын дарындылығын дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу, балалар мен жастардың бойында азаматтық сана-сезімді, жалпы мәдениетті, салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ мазмұнды бос уақытын ұйымдастыру болып табылады.
ШҚО ББ ДпҚББДШҚҒӘ «Дарын» орталығы жұмысының жалпы бағыттары:
1) Оқыту процесінде дарынды балалар мен жастарды анықтау және іріктеу технологияларын әзірлеу, білім беру саласында, қосымша білім беру жүйесінде, оның ішінде дене шынықтыру, әскери-патриоттық тәрбие, бос уақыт және салауатты өмір салты салаларында дәстүрлі конкурстарды, турнирлерді, жарыстарды, пәндік олимпиадаларды, конференцияларды және басқа да түрлі деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу,
2) білім беру саласында, қосымша білім беру саласында, оның ішінде облыстың жазғы сауықтыру лагерлері мен мектептен тыс ұйымдары үшін бағдарламалардың, әдістердің, технологиялардың, тұжырымдамалардың, модельдердің, әдістемелердің түрлі әлеуметтік жобаларын әзірлеу және енгізу;
3) дарынды балалармен жұмыс бойынша, қосымша білім беруді дамыту бойынша, оның ішінде өз базасында балаларға қосымша білім беруді іске асыратын жалпы білім беретін мектептерге ғылыми негізделген бағдарламаларды, тестілер мен оқу құралдарын әзірлеу;
4) Өз құзыреті шегінде облыстың қосымша білім беру және дене шынықтыру ұйымдарында оқушылар мен оқушы жастардың дарындылығын және қосымша білім беруді дамыту, дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
5) облыстың қосымша білім беру обьектілерінің жағдайы мен тиімді пайдаланылуы бойынша дарынды балалардың мәселелері бойынша деректер базасын және мониторинг жүйесін құру;
6) дарынды балалармен жұмыс істейтін педагог кадрларға әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастыру;
7) қоғаммен байланыс қызметін ұйымдастыру;
8) халықаралық ғылыми, бейіндік мектептерде, ғылыми-практикалық конференцияларда, семинарларда, форумдарда, конкурстарда, фестивальдарда дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша жинақталған тәжірибемен алмасу;
9) дарынды балалардың мүдделерін қорғау, психологиялық және әдістемелік консультациялар ұйымдастыру;
10) Қазақстан Республикасының жастар саясатын қалыптастыруға және жүргізуге катысу;
11) халықаралық мектептердің, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ауысымдық, бейіндік мектебінің жұмысына қатысу; ғылыми бейіндік мектептер, ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, форумдар, конкурстар, фестивальдар өткізу;
12) Қазақстан Республикасының және шетел жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдарының қатысуымен оқушылар мен мұғалімдерді әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға даярлау бойынша бюджеттік және ақылы негізде онлайн сабақтар, дәрістер, мастер-кластар, семинарлар әзірлеу және өткізу; дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша қашықтықтан олимпиадалар, конкурстар, қашықтықтан оқыту семинарларын өткізу;
13) жыл бойы балалардың бос уақытын ұйымдастыру;
14) өз құзыреті шегінде облыстың қосымша білім беру және дене шынықтыру ұйымдарында оқушылар мен оқушы жастарға қосымша білім беру, дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
15) балалар мен жастарға арналған қосымша білім беру жүйесінде, оның ішінде дене шынықтыру, әскери-патриоттық тәрбие, бос уақыт және салауатты өмір салты салаларында әртүрлі деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
16) облыстың қосымша білім беру жүйесі объектілерінің жай-күйін мониторингілеу мен сараптауға қатысу;
17) қосымша білім беру, онын ішінде дене шынықтыру, әскери-патриоттык тәрбие, балалар мен жастардың салауатты өмір салты саласында ақпараттық, статистикалық, талдау жұмыстарын ұйымдастыру;
18) облыстың қосымша білім беру объектілерінің, жазғы сауықтыру лагерьлерінің және мектептен тыс ұйымдарының желісін дамыту және кеңейту жөніндегі іс-шараларды өткізу;
19) сабақтан тыс және демалыс уақытында балалар мен оқушы жастардың бос уақытын және бос уақытын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
20) өз базасында балаларға қосымша білім беруді іске асыратын жалпы білім беретін мектептерге, оның ішінде қосымша білім беруді дамыту жобаларын әзірлеуге және стратегияны қалыптастыруға қосымша білім беру объектілеріне әдістемелік көмек көрсету;
21) мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарынан тыс қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындагы бейімділігі мен мүдделерін дамыту) іске асыру.