ШҚО ББ «Örken» ШҚӨБАДҒӘО» КММ

Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары

Мекеме қызметінің мәні бастауыш, негізгі орта, орта (жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік білім беру) білім беру саласындағы ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік, ұйымдастыру-техникалық жұмыс болып табылады.

Мекеме қызметінің мақсаты білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда білім беру ұйымдарын ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік қолдау, білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен басшыларының кәсіби шеберлігін жетілдіру, білім беруді ақпараттандыру саласындағы аналитикалық-бағалау, әдістемелік және техникалық саясатты жүзеге асыру болып табылады.

Мақсатқа жету үшін Мекеме келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

- Шығыс Қазақстан облысы білім беру мекемелерінің қызметін реттеу, өңірде білім берудің стратегиялық жоспарын әзірлеуге қатысу, білім беру ұйымдарына, педагогтерге, қосымша білім беруге қажеттілікті айқындау;

- ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік сүйемелдеу, тәжірибелік-эксперименттік, инновациялық және басқару қызметін жалпылау, тарату бойынша әртүрлі деңгейдегі әдістемелік қызметтердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, орта білім беру (жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру), орта білімнен кейінгі білім беру деңгейінде білім беруді ақпараттандыру саласында бірыңғай әдістемелік және техникалық саясат жүргізу;

- білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу, әдістемелік, жобалау, енгізу жұмыстарын үйлестіру және жүзеге асыру;

- педагогтердің кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

Сайт: https://vkrgcnto.edu.kz/