ШҚО ББ "ӨПҚжКО"

Мақсаты:

Облыс деңгейінде білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтардың, ата-аналардың (заңды өкілдердің) психологиялық салауаттылығын сақтауға және нығайтуға бағытталған.

  1. Міндеттері:

1) білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау және көмек көрсету;

2) білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету және көмек көрсету сапасын арттыру;

3) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің тиімділігін бағалау және қызметін үйлестіру, мониторинг пен талдау жүргізу;

4) білім беру ұйымдарының педагог-психологтарын, әлеуметтік педагогтерін аттестаттаудан өткізуге ықпал ету;

5) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

6) психологиялық қызмет мамандары мен педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, супервизиялар жүргізу;

7) балалардың психологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша ведомствоішілік және ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және дағдарыстық жағдайларға, шағымдарға, өтініштерге жедел ден қою;

8) психологиялық қолдау мен көмек көрсету сапасын арттыру саласында үкіметтік емес ұйымдармен, кәсіпкерлік субъектілерімен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен халықаралық ынтымақтастық, әріптестік, жобаларды іске асыру.

Өз қызметін келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

1) консультациялық-дамытушы;

2) ғылыми-әдістемелік;

4) ұйымдастырушылық;

5) мобильді әрекет ету;

6) кәсіби құзыреттілікті арттыру;

7) ведомствоаралық және ведомствоішілік өзара іс-қимыл;

8) халықаралық ынтымақтастық.