1932 жылы Қазақстанда облыстар құрылуына байланысты, Жаңаарқа ауданы Қарағанды облысының құрамына кіріп, орталығы Атасу селосы болып бекітілген еді. 1932 жылы ашаршылық жылдан қалған ел жаяу-жалпы өздерінің ата-қоныстанып, 9 ауылдың халқы 1933 жылы көктемінде бас құрап, ТОЗ-ға серіктесіп, жер пайдалануға шоғырланып ұйымдасқан.
№1ауыл-Қаражартас, Еркіндік, Еңбек.
№2ауыл-Қызылшоқы, Өркендеу, Өндіріс, Келтетал.
№3ауыл-Жеткіншек, Игілік, Жаңақұрылыс, Ұйымшыл, Кәсіпшіл, Жаңаталап, Төртқұдық, Көкөзек, Тегістік, Егіндікөл, Бестоған;
№4ауыл-Үлгілі, Талдыбұлақ, Ленин, Оқкөмген, Қызылоба;
№5ауыл-Атасу, Өрнек, Ақтүбек,
№6ауыл-Алғабас, Сарыөзек, Бозоба, Қаракөл, Балға, Бірлік, Жаңажол, Тілеке, Жартас, Көккемер.
№7ауыл-Қарағаш, Ынталы, Қосшоқы;
№8ауыл және №9ауылдар-Тасжарған, Қамысмола, Жаңатілек, Түгіскен, Қаражартас, Айбат, Жиделі, Тобылғылы, Маркс, Жарық, Құрамыс, Қарсыадыр мойынсеріктеріне топталды. Сәкен ауылы Иманақ тауының етегінде орналасқан. Жері шұрайлы, ауасы таза, суы тұщы.
Жаңаарқа ауданы бойынша 45 ТОЗ болды. Содан 1939 жылы колхоз болды. Ауыл шаруашылық Министрлігі мен Қазақ ССР Министрлер Советі жанындағы ауыл шаруашылық басқармасының 1950 жылы қарашадағы қаулысына сәйкес, Жаңаарқа ауданының 29 қосылып ірілендіріп,11 колхоз болып қайта бірікті:
- Алғабас-Алғабас, Сары Өзен, Бірлік колхоздарының негізінде;
- Ленин атындағы –Үлгілі, Ленин, Талдыбұлақ колхоздары;
- Киров атындағы –Киров, Ұйымшыл, Жаңаталап, Тегістік колхоздары;
- Ынталы-Ынталы, Қарағаш, Қосшоқы колхоздары негізінде;
- Жеңіс-Жеңіс,Түгіскен, Коммунар колхоздарының негізінде;
- Ынтымақ-Ынтымақ, Жеткіншек колхоздарының негізінде;
- Өркендеу-Өркендеу, Қызылшоқы колхоздары негізінде;
- К.Маркс-К.Маркс, Жиделі колхоздары негізінде;
- Өндіріс-Өндіріс, Келте колхоздары негізінде;
- Атасу-Атасу, Ақтүбек колхоздарының негізінде құрылды.
Колхоздың председателі Досанов Аманжан, ауыл кеңесінің хатшысы-Байғозин Сардар, председателі Қирабаев Жаман деген кісі болған. Партия ұйымының хатшысы-Асқаров Аманбай болған. Қызылағаш мал жайылым учаскесінде 4 мыңдай қой болған. Ферма меңгерушісі Битабаров Шалғынбай болды. Сиыр фермасының бастығы Дүйсекеев Сәрсекей, жылқының аға бақташысы Сәдуақас Баспақов болған. Облыстық атқару комитетінің 1962 жылғы 11 қыркүйектегі шешімімен Қарауыл төбе және Бірлік селолық Кеңестері орталығы С.Сейфуллин совхозы, яғни Ынтымақ селосында Кеңесіне бірікті. Қазақ КСР Жоғарғы Советі Президиумының 1963 жылғы 2 қаңтардағы нұсқауымен орталығы қалалық типтес Атасу кентінде орналасқан құрамында 13 селолық және ауылдық советтері: Айнабұлақ, Бидайық, Бұрма, Дружба, Қызылтау, Көктің көлі, Красная Поляна, Ортау, Просторное, Рассвет, Сейфуллин, Түгіскен және Ақтау поссоветтері бар Жаңаарқа селолық ауданы құрылды. С.Сейфуллин атындағы совхоз Жаңаарқа ауданы бойынша ірі совхоз болған. Өйткені Киров бөлімшесінің мал жайылымы –Қорған, Алғабастың мал жайылымы – Ақтау, Ынтымақ бөлімшесінің мал жайылымы Қызылағашты қоса есептегенде 6 бөлімше болған. Барлығы 480 түтін (шаңырақ) болған.
«Ынтымақ» бөлімшесінде 850 бас ірі қара, 400жылқы, егін шарушылығы болған. Басқарушысы-Сәкенов Шәкәрім болған.
«Киров» бөлімшесінде 800 ірі қара,150 жылқы, егін шаруашылығы болған. Басқарушысы-Жақыпов Шоқан болған.
«Алғабас» бөлімшесінде 700 ірі қара,80 бас жылқы, егін шаруашылығы болған. Басқарушысы-Бекімов Төкен.
«Қызылағаш» бөлімшесінде 7000 қой болған. Басқарушысы Битабаров Шалғынбай.
«Қорған» жайылымында 10000 қой болған. Жампейісов Әбдіғалым басқарған.
Жалпы совхозда 209 мың гектар жер болды. 20мыңы егістік, 12мың гектар дәнді дақыл.