Орынбай ауылдық округінің қысқаша тарихы
Целинный совхозы 1965 жылы 6 наурызда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында Қазақ ССР-ы Министрлер Советінің №185 қаулысына сәйкес, Бидайық совхозының құрамында болған. Орынбай, Бидайк-2, Ақшағат бөлімшелерінің негізінде құрылды. Орталығы - Орынбай ауылы. Совхоздың директорлары болып А.А.Малыхин(1965-1968жж), Қ.Қ.Кішкентаев(1968-1979жж),Ә.К.Куленов(1979-1983жж),Г.М.Соколова(1983-1990жж),Ш.Шуданбеков(1990-1995жж) қызмет атқарды. 1996-2021жж М.А.Садвакасов, 2021-2024 жж А.Ж.Бакарамов ауыл әкімі қызметін атқарды.
Жалпы жер көлемі-95 700 га. Халық саны - 520 адам. Орынбай ауылдық округі бойынша жалпы білім беретін 1 орта мектеп, 1 шағын орталық, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана, 1мешіт халыққа қызмет көрсетіп келеді.
Ауылдың басты бағыты мал шаруашылығы болғандықтан, ауыл экономикасының дамуы ауыл шаруашылық саласын дамытуға бағытталған.Округ бойынша 51 шаруа қожалығы тіркелген. Жалпы аумағы - 59304 га, оның ішінде егістігі-200 га, шабындығы - 1212 га, жайылымы-56838 га, басқадай жері -1054 га.