Ауылдық округтің тарихы
Ералиев ауылдық округі Жаңаарқа ауданының батыс бөлігінде, аудан орталығы Атасу кентінен 100 шақырым қашықтықта, құрғақ дала аймақтарында орналасқан.
Таулы-дала аймағы таулы шалғынды-дала, тау бөктеріндегі далалық орташа-ылғалды және далалық орташа-құрғақ кіші аймақтарға бөлінеді. Климаты орташа-құрғақ, орташа ыстық, жылдық орташа жауын-шашыны 160-190 ММ. Орташа жылдық температурасы +10. Салыстырмалы ылғалдылығы - 68 %. Оңтүстік-батыс және шығыс бағыттағы желдер басым, орташа жылдық жылдамдығы 2,7 м/сек. Жері қоңыр,сұрғылт, құба топырақтар, сортандар мен құмдақтар .
Өсімдік жамылғысы: бетегелі-бетегелі-жусанды, бетегелі-бетегелі-түрлі шөпті, түрлі шөпті-дәнді, жұмсақ қабатты және түрлі шөпті бұта-шым-дәнді дақылдар болып табылады.
Тұрақты қар жамылғысы қараша айының ортасында орнықтайды, сәуір айының бірінші он күндігінде кетеді. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 130-150 күн.
Гидрография - Сарысу , Сөрті өзендері және көптеген басқа бұлақтар.
Әкімшілік орталығы - Ералиев ауылы. Аудан орталығы Жаңаарқа кентінен оңтүстік-батысқа қарай 110,0 шақырым жерде орналасқан. Ералиев ауылдық округі Кезең, Ақбастау,Рзд 189, Жомарт елді мекенінен тұрады. Округ бойынша барлық жер көлемі 349841 гектар алаңды алып жатыр. Жер санаттары бойынша:
- Шаруа қожалықтарына тиесілі барлық жер көлемі – 169536,98 гектар;
-ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланыстағы жалпы жер көлемі – 162005,76 гектар;
егістік – 1004,79 гектар, шабындық – 4903,4 гектар, жайылым – 156042,07 гектар, бос жер – 7531,22 гектар, басқада жерлер –55,5 гектар (тау-тас, батпақ, екпеағаш су).
- елді мекеннің барлық жерлері – 349841 гектар;
- елді мекен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы көлемі -224933 гектар:
- оның ішінде құрлысқа бөлінген жер - 27 гектар;
- оның ішінде жайлым жер - 238521 гектар;
- оның ішінде су қорының жері – 3123гектар;
-оның ішінде басқада жерлер - 234гектар;
- босалқы жерлердің жалпы көлемі - 73166 гектар:
Округте ауыл шаруашылық жануарлары мен құстарына ветеринарлық қызмет көрсету үшін;
1 – ветеринарлық пункт, 1 – мал қорымы ұйымдастырылған.
Ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз ету үшін Ералиев ауылдық округі бойынша шаруа қожалықтарына тиесілі 156042,07 гектар жайылым жер бар. Елді мекендер шегінде 238521 гектар жайылым жер бар.
Округтің іргетасы 1932 жылы қалаңған. ХХ ғасырдың 30-шы жылдары ұйымдасқан Бас Жарық, Карл Маркс, Жиделі, Айбат, Қарсадыр сияқты жерді бірігіп өндеу серіктестіктері құрылды. 1937 жылы осылар бірігіп 2 ұжымшар болып құрылды, біреуі «К.Маркс» атындағы, біреу «Жиделі».
1939 жылы Жаңаарқа аудандық атқару комитеті президиумының қауылсы бойынша бұл ұжымшарлар Жарық ауылдық кеңесіне қарады.
1965 жылы К.Маркс кеңшары болып бөлініп, «К.Маркс» атындағы совхоз болды. 1967 жылы ҚСРОЖоғары Кеңесінің указымен Ералиев селолық советі болып құрылды.
1990жылдардағы тоқырау кезінде К.Маркс совхозы тарап, ел билігінде тек осы селолық совет қалды. Кейін осы селолық совет басқарушы билік болып Ералиев ауылдық округінің әкімдігі болып қалыптасты.
Жаппай тоқырау кезінде ауылдың тұрғындары жекешеленіп, совхоздан жеке меншікке төрт түлік малдарды, жер, техника өз ұсетріне алып, жеке жеке шаруа қожалықтар құра бастады. Жаппай еліміз қиын қыстау өтпелі заманды бастарын кешті.
Дегенмен осы жылдары кіші және орта бизнес дамуының басталу кезеңі болып қалыптаса бастады.
Шаруашылықтың мамандырылған негізгі бағыты –ол мал шаруашылығы және жартылай өсімдік шаруашылығы.
Жылдан жылға мал бастары көбейіп келеді, ол тұрғындардың жақсы ахуалының бірден бір көрсеткіші.
Ауылдық округ маңайында «Жұбан ана»кесенесі,бірнеше тарихи әулиелердің ескерткіштері бар.
Қазіргі таңда округымызда 1892 тұрғын бар, оның ішінде орталықтын басында 1363, РЗД 189 -174, Ақбастау-123, Жомарт ст-175, Кезеңде -57 адам тұрады.
Округымызда 3 мектеп бар, оның бірі ауыл орталығында бір жалпы орта мектеп, ол мектепке ауылымыздан шыққан Социалистік Еңбек ері, шопан Оспан Әлібаевтың аты берілген.
Жомарт станциясында бастауыш, РЗД 189 елді мекенінде бір негізгі мектеп бар.
Сонымен қатар ауылымызда кейінгі үлгідегі дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі, монша, 2 мешіт, оның бірі РЗД 189 елді мекенінде бар.
Ауылдық округ аумағында «Сарыарка ENERGY» ЖШС-не қарасты Жалын» көмір кенші жұмыс атқарады. Үш жақты жасалған меморандум аясында осы мекеме ауылымызға қажетті демеушілік көмек көрсетіп келеді. Оның бірі жыл сайын әр отбасына тегін 10 тоннадан көмір беріп отырады
Жыл сайын мелекеттік бағдарламалар аясында ауылымызда түрлі жөндеу жұмыстары жүрігізіледі. Соның арқасында көшелеріміздің жолы, жарығы жөнделді. Балалар ойын алаңдары, футбол алаңдары салынды. Әлі де болса осы жұмыстар жалғасады.
Ауылымыз жылдан жылға дамып , өркендеп келдеі.Оған сүбелі үлестерін кіші және орта бизнес өкілдері қосып келеді. Ауылымызда 125 шаруа қожағы, 5 дүкен, 1 шаштараз, 1 тойхана, 1 наубайхана ,2 жеке меншік монша, 1 кілем жуатын орын сияқтыкәсіпкерлік нысандар бар.
Сонымен қатар бірнеше кондитерлік тәтті өнімдер шыгаратын кәсіпкерлер бар.
Ауылымыздың гулденуіне, экономикалық дамуын жоғарлату үшін алдағы уақытта спорт комплекс, салу, көлік жөндеу орталығының ашу,балабақша салу тағы да басқада шағын және орташа бизнес нысандарын ашу үшін жоспарларымыз бар